Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Жеке меншік білім ошақтары. Елімізде 1992 жылдан 
бастап жеке меншік мектептер ашыла бастады. Бүгінгі таңда 
олардың саны 120-ға жеткен, соның 51-і – Алматыда, 12-сі – 
Н ұр-Сұлтан қаласында. Алматы облысында – 8, Шымкентте 
– 7, Ақтӛбеде – 7, Ақтауда – 5, Ӛскеменде – 4, Қостанайда – 
4, Таразда – 3, Оралда – 3, Семейде – 2, Петропавлда – 2, 
Атырауда – 2, Қызылордада – 1, Қарағандыда – 1, Теміртауда 
– 1, Акмола облысында — 1 жеке меншік мектеп жұмыс 
істеуде. Олардың кӛпшілігі аралас мектеп, яғни қазақ, орыс, 
ағылшын тілдерінде оқытады. Жеке меншік мектептер 
арнайы бағдарламалар шеңберінде, қосымша сабақтар беру, 


12 
шет тілдерін тереңдете оқыту, әр оқушыға жеке тұлға ретінде 
ерекше кӛңіл бӛлу арқылы ӛздеріне тартуда. 
Соңғы жылдары мемлекет пен жеке меншік әріптестікті 
дамыту бағдарламасына сәйкес жеке меншік мектептерге 
мемлекеттік тапсырыстар беріле бастады. Мысалы, 2018 
жылы Шымкент қаласында – 3310 орынға, Нұр-Сұлтан 
қаласында – 3721, Ақтӛбедегі дарынды балаларға арналған 
«Сымбат» мектеп-интернатында 600 баланы оқытуға 
мемлекеттік тапсырыс берілді. Ал алдағы 2022 жылы 
республиканың 3 ӛңірінде 89 жеке меншік мектепте 56300 
баланы оқытатын мемлекеттік тапсырыс берілу жоспарланып 
отыр. Болашақта білім саласына жеке басты қаржыландыру 
жүйесі іске қосылған кезде, жеке меншік мектептер саны 
қарқынды түрде ӛседі деген болжам бар. 
Мҧғалім – мектеп жҥрегі. Соңғы он жылда қазақ 
мектептерінде сабақ, дәріс беретін ұстаздардың саны да ӛсіп 
келе жатыр. 2018-2019 оқу жылында барлық мектепте 338775 
оқытушы жұмыс істеді, ал 2008-2009 оқу жылында бұл 
кӛрсеткіш 279982 болған. Демек, он жылда мұғалімдердің 
саны 58793-ке ӛскен. 
Осы орайда бізді алаңдататын бір жағдай, соңғы 
жылдары ұстаздар арасында білім саласынан кету деректері 
кӛптеп кездесуде. 2016-2017 оқу жылында білім саласынан 
11 704 оқытушы кеткен болса, 2017-2018 оқу жылы бұл 
кӛрсеткіш 12 154-ке жеткен. Сонда он жылдың ішінде орта 
есеппен 100 мыңнан астам ұстаз білім саласынан кетіп 
қалған. Басты себеп – жалақының тӛмендігі. Қазіргі таңда 
бұл бағытта қабылданып жатқан түрлі іс-шаралар әлі де 
қауқарсыз. Жыл сайын педагогика саласының маманын 
дайындап шығару үшін 12 мың грант беріледі. Он жылда 120 
мың грант бӛлінсе, 61 мың грант артығымен беріледі. Зейнет 
жасына, денсаулығына, отбасылық жағдайларға және басқа 
да түрлі себептерге байланысты бұл кӛрсеткіш ӛзгеруі 
мүмкін, бірақ жалпы ахуалға айтарлықтай әсер ете қоймас. 
Сонда жыл сайын 17,5 млрд. теңгені қосымша грантқа 


13 
жұмсағаннан гӛрі, бұл қаржы мұғалімдердін жалақысына 
жұмсалар болса, онда жыл сайын әр ұстазға 51,5 мың теңге 
қосуға болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет