14
Білім саласында біз атқарар, қолға алар жұмыс ӛте кӛп.
Мектептердің, оның ішінде мақаламыздың басында айтып
кеткен қазақ мектептерінің алдында тұрған орасан жұмыстар
шаш-етектен. Соның ішінде ең басты міндеттеріміздің бірі –
жаңашыл, болашакқа бейімделген, отансүйгіш, алғыр,
бәсекеге қабілетті, кез келген қиындыққа дайын жас буын
дайындау.
Қазақ мектептерінің санын кӛбейтіп
қана қоймай,
ондағы жеткіншектерді қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы,
мәдениеті мен ӛнері сынды құндылықтарымызға тереңдете,
сапалы оқыта білуіміз керек. Олар – біздің болашағымыз.
Қазақстанды Мәңгілік ел ететін сол ӛрендер. Сондықтан
мемлекет мұғалім мәртебесін кӛтеруі тиіс. Баламызға қалам-
дәптер ұстатып, әріп танытып, одан әрі оқытып, азамат етіп
шығарып, үлкен жолға салатын
ұстаз деген қауымнан
қаржыны аямауымыз керек, жалақысын кӛтеру қажет. Бұл
үшін біздің әлеуетіміз жетеді деп ойлаймын.
Демография, миграция, мектептерді ірілендіру, үлкен
мектептер ашу сынды жаңалықтар мектептер санына да
елеулі ӛзгерістер әкелді. Мысалы,
орыс мектептерінің он
жылда 573-і қысқарған, соның ішінде Солтүстіқ Қазақстан
облысында – 190, Павлодар облысында – 76, Қостанай
облысында – 64, Қарағанды облысында – 55, Ақмола
облысында 53 орыс мектебі қысқартылған. Ал осы мерзімде
республика қӛлемінде орыс
мектептеріндегі оқушылардың
саны 16 мыңға ӛскен. Сонда әрбір орыс мектебінде 2008
жылы оқитын оқушылар саны 199 бала болса, он жылдан
кейін, яғни 2018 жылы ол кӛрсеткіш 299 балаға дейін
кӛбейген. Жалпы, жоғарыдағы факторлардың әсерінен орыс
мектептерінің кӛпшілігі шағын, аралас деңгейде. Ал ӛзбек,
ұйғыр мектептері іріленіп келеді.
Мұнда мектептер
қысқарып, оқушылардың саны ӛсуде, ӛзбек мектептерінің
саны 63-тен 12-ге дейін азайса, ӛзбек оқушылары 27 мыңға
ӛскен, ұйғыр мектептері 15-тен 11-ге азайса, оқушылар саны
7,8 мыңға ӛскен.