Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет6/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Тҥйінді мәселелер де жоқ емес. Қазіргі жаһандану 
заманында әр елдің жауапкершілігі, міндеттері еселене 
ӛсуде. Дүние жүзінде қазақ халқы 15 млн.-нан асты. Соған 
сай сан мен сапа пара-пар болуы тиіс. Бүгінгідей бәсеке 
заманында әр азаматтың қабілеті зор болуы керек, яғни 
білім-білік сынды қасиеттер жекелеген ерекше адамдарда 
ғана емес, барлығымыздан табылғаны абзал, ол – уақыт 
талабы. Ал жақсы білімнің негізі мектеп қабырғасында 
қаланатыны сӛзсіз. Сондықтан бүгінгі таңда қазақ 
мектептерінде кӛптеген тың жаңалықтар, атап айтсақ, жаңа 
оқулықтар, жаңа бағдарламалар, жаңа методикалық оқу 
құралдары енгізілуде. Дамыған елдердің тәжірибелері де 


11 
соңғы жылдары біздің қазақ мектептерінде қеңінен 
пайдаланылуда. Мысалы, барлық Назарбаев зияткерлік 
мектептерінде қазақ сыныптары бар. Жыл сайын педагогика 
мамындығына 12 мың грант бӛлінеді, оған қосымша әрбір 
жергілікті әкімдіктер ӛздерінің грантын береді. Педагогика 
мамандығы бойынша мұғалімдердің білім жетілдіретін 
«Ӛрлеу» ұлттық орталығы 2011 жылдан бері ұстаздарды 
ағылшын тілінде оқытатын арнайы бағдарламаны іске 
асырып келеді. Бұл бағдарлама бойынша 3900 мұғалім 
Ұлыбритания, Жапония, Испания, Португалия, Германия 
университеттерінде арнайы дәріс алып келді. 
Дегенмен, түйінді мәселелер де жоқ емес. Ауылдағы үш 
ауысыммен оқытатын және апатты жағдайда тұрған 
мектептердің жайы ӛзекті. «Дипломмен ауылға», «Серпін» 
сынды бағдарламаларға әлі де екпін берілуі тиіс. 
Қазақ мектептерінің даму кезеңінде арнайы орта білім 
беретін колледждерде де оң ӛзгерістер болып жатыр. Соның 
ішінде қазақ бӛлімдері тез ӛсуде. Колледждерде қазақша 
оқитын студенттердің саны 289,6 мыңға жетті. Бұл барлық 
колледжде оқитын 489,8 мың студенттің 59,1%-ын құрайды. 
Ал қазір республикамыздағы 130 жоғары оқу орнында 542,4 
мың студент дәріс алуда, соның ішінде қазақша оқитын 
студенттердің саны 350,4 мыңға жетті, бұл еліміздегі барлық 
студенттің 64,6%-ын құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет