Тілтаным языкознание



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
ТІЛТАНЫМ-2017-3

киім, жиын, тиын сияқты сөздерде и әрпі, ту, жу, бу сияқты сөздерде у әрпі 
дауысты дыбыс ретінде танылып, біріншіден, қазақ тілінің ережелеріне сәйкес 
келмей, екіншіден, буынға бөлінбейтін күйге түсіп, үшіншіден, тасымалданбай 
қалған болатын. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін қазақ тілінің төл 
сөздерінің құрамын қазақ тілінің үндестік заңы, буын, тасымал дыбыс тіркесімі 
заңдылықтары бойынша жаңарту керек. Құрамына өзгеріс енгізетін мұндай сөздер 
көбінесе құрамында и және у дыбыстары бар сөздер. Бұл дыбыстармен келген 
сөздердің қазіргі дыбыс жүйесінде, оның ішінде классификация жасауда екіжақты 
болуы (бірде дауыссыз, бірде дауысты), буын жігін бұзуы, тасымалдауда қиындық 
тудыруы құрамында и, у, ю, я дыбыстары бар сөздердің жазылуын қайта қарауды 
қажет етеді. Бұл қандай сөздер?
Солардың бірі құрамында у фонемасы бар сөздер. Қазақ тілінде у дыбысынан 
басталатын сөздер көп емес. Көлемі 350 мыңға жуық сөзформадан тұратын «Қазақ 
тілінің сөзформалар» сөздігінде у фонемасынан басталатын сөздер 1000-ға жуық. 
Ал у әрпі екінші орында келетін сөздер саны 7000-нан аса болса, у фонемасы сөз 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3



соңында келетін сөздер негізінен тұйық етістіктер есебінен шығады, жалпы саны 
4500-дай. Демек, жиілік сипаты бойынша, у әрпімен келетін сөздер сөз басы, сөз 
соңында жиі кездеспейді. Негізінен сөз ортасында, оның ішінде екінші, үшінші 
әріптер позициясында жиі кездеседі.
Мақалада буын мәселесін көтеруімізге себеп болған нәрсе қазақ әліпбиін 
латын қарпіне көшірудегі қазақ тіліндегі әріп, әріп тіркесі, буын, қосымша т.б. 
тілдік бірліктердің статистикалық сипатын анықтаудан туды. Соның ішінде 
қазақ тіліндегі буын жиілігін анықтау әртүрлі стильден алынған мәтіндердегі 
сөздерді буынға қолдап бөлу арқылы жүзеге асырылды. Ал буын жиілігі бойынша 
статистикалық мәліметтерді алдағы жазылатын мақалаларымызда және «Қазақ 
тілі буындарының жиілік сөздігінің» кіріспесінде айтатын боламыз. 
Қазақ тілінде алдында дауысты дыбыстар келетін сөздерде буынға бөлуде мәсе-
ле жоқ. Олар: ауқым, аула, ауыл, аудан, аудар, ауыз, бауыр, жауын, қауын, әуез, 
әуен, дәуір, ауна, аула, жаула т.б. Осы сияқты дауыстыға біткен етістіктерге тұйық 
етістік жалғануында да проблема жоқ: аймалау, ойнау, жасау, байлау, сабау т.б. 
Әдетте, қазақ тіліндегі еңбектерде у, и дыбыстары дифтонг дыбыстар делінеді. 
Алайда бұл дыбыстар алдында ашық дауыстылар келгенде қосарланып естілетін 
ұ/ү дыбыстарын сақтап қалмайды, у дыбысының өзі ғана естіледі де, жазуда да 
солай жазылады. Демек, у фонемасы жеке дыбысталғанда ғана ұу дыбысы естіледі 
де, оның жіңішке варианты үу, сол сияқты езулік дауыстымен келген сөздерге 
тұйық етістік жалғанғанда (келу, беру, бару, қазу) естілетін ыу/іу дыбыстары оның 
аллафондары, тіпті ұу болып естілуін де у-дың аллафоны ретінде тану керек. Ал у 
фонемасы ешқандай да дифтонг дыбыс емес. Жоғарыдағы ашық дауыстылардан 
кейін келгенде у дыбысы инвариант нұсқасында қолданылған деуге болады. Олай 
болса, у дыбысын тек дауыссыз фонема ретінде тану қажет. 
У фонемасының ұ/ү/ы/і дауыстылары естілетін аллафондарымен келген сөз-
дерде буын құрауға қатысты проблема туындайды. Өйткені қазақ тілінің емле 
ережесі бойынша, у фонемасының дауыссыздардан кейін тіркесуінде оның алдын-
дағы ұу/үу (ыу/іу) аллафондары айтылымда естілгенмен, жазылмайды. Мысалы: 
жуық, дуал, шуақ, суық, қуан, жуан, қу, бу, ту, ру, қару, езу, көру, білу, тұру сияқты 
сөздер. Бұл сөздер айтылымда буынға бөлінгенмен, орфограммасы бойынша 
у фонемасының алдындағы дыбыстар түсіп қалатындықтан, буынға бөлуде 
қиындық тудырады. Әсіресе, буын енді сауат ашқалы жатқан бастауыш мектеп 
оқушысына үйретілетіндіктен, жоғарыдағыдай сөздер кездескенде бұл сөздерді 
жазып, буынға бөле алмайды. Жазуда бөлінбегендіктен, айтылымда да бөлінбейді 
деп есептейді. Тіпті кейде осы сөздерді жу-ық, қу-ан, су-ық деп қате бөлушілік 
те кездеседі. Буынға бөлген күнде баланың дыбыстауы былай болады: жу-уық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет