67
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың,
ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа
бөлінуін, өсу не кему динамикасын зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Демографиялық саясатты іске асыру кезінде мемлекеттік өкімет
органдарының алдында мынадай міндеттер тұр:
- өсіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
- өлімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің ұзақтығын ұлғайту;
- тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрпақтарды толық алмастыруды
және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін
деңгейге дейін арттыру;
- отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын
нығайту;
- көші-қон процестерін реттеу;
- коғам
және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін
жауапкершілікті арттыру;
-
экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.
Ұлттық халық санағы елімізде әр 10 жыл сайын өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін деректері
бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1
қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. 1993 жылдың басымен
салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кеміді.
Халық өмірінің орташа ұзақтығы 1998 жылы 64,4 жасты құраса, 2018ж.
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3-ті құрады.
Үшінші халық санағы 2019 жылы Қазақстанда өтетін басты оқиға
ұлттық халық санағы болмақ. Билік қазақстандықтардың санын жаңа әдіспен
есептегелі отыр. Халық санағына Қазақстанның барлық азаматы, соның
ішінде кәмелетке толмағандар, елде уақытша тұратындар мен шетелге
уақытша кеткендер, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар да
қатысады. Бұған қоса, үнемі шетелде тұратын қазақстандықтар да есепке
алынады.
Бұл жолы жалпыға бірдей халық санағы әдеттегідей қағаз түрінде емес,
электронды форматта өтеді. Ол үшін қазақстандықтар статистика комитеті
іске қосатын сайтқа кіріп, 89 сұраққа жауап беруі тиіс. Оның ішінде 45 сұрақ –
азаматтардың жеке мәліметтері мен алдағы жоспарларына қатысты.
Халық санағы екі кезеңнен тұрады деп жоспарланып отыр. Алғашқысы
мамыр-маусым айларында, екіншісі қарашада өтпек. Санақ электронды
форматта өтсе де, ұйымдастырушылар 30 мың еріктіні жұмысқа тартпақ. Олар
планшетпен үй-үйді аралайтын болады.
Санаққа мемлекет бюджетінен 8,8 миллиард теңге жұмсалады деп
жоспарлануда.
Ұлттық халық санағы елімізде әр 10 жыл сайын өткізіледі. Қазір
елімізде халық саны – 18 миллион 393 мыңнан астам.
Достарыңызбен бөлісу: