65
9.5. Мәтін бойынша ауызша сөйлесу.
а) Ел әскерін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде қашаннан бері
жүргізіледі?
ә) ҚР Қарулы Күштері неше құрылымнан тұрады, және қандай қару-жарақпен,
техникамен қамтамасыз етілген?
б) Республика Ұланы қашан және қандай қызмет атқару үшін құрылды?
9.6. Тілдік материалды игерту жұмысы.
а) мәтіннің ішінен етістіктерді тауып, мақсат мәнді сөйлем құрастырыңдар.
10 Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп . . . Етістік + (а, е, й) алу + модаль
етістіктер шақ, жақ формалары арқылы жасалуы.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп . . .
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Абай Құнанбайұлы
«Құндылық» деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар,
құнды ақпарат, адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығы бар.
Сол сияқты адами қасиеттер де құндылыққа жатады.
Сіз өзіңізді ақылды, парасатты, инабатты, адамгершілігі мол адаммын
деп ойлауыңыз мүмкін. Сіздің айналысатын шаруаңыз, шығармашылығыңыз
бар. Сіз өз отбасыңызды, Отаныңызды, жақын адамдарыңызды жақсы көресіз.
Мұның барлығы адами құндылыққа жатады. Сіздің болмысыңыз бен сырт
келбетіңіз де құндылықтың бір түрі.
Философ ақын Абай Құнанбайұлы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
деген өлеңінде үш сүю туралы айтады. Біріншісі, жаратқанды сүй, екіншісі,
адамды сүй, үшіншісі, әділетті, адалдықты сүй.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан
бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал
Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты,
рухани құндылықты бейнелеуде қолданды.
Адам өмірінде адамгершілік қасиеттер маңызды рөлге ие. Жүрегі таза,
ниеті түзу адам өзіне өзі сияқты адамдарды тартады. Қазіргі психологияда
адамның ойы оның бүкіл өмірінің себепшісі деген түсінік бар. «Барлық
әрекетті адамның ойы жасайды», яғни ойы таза адам таза, дұрыс әрекет етеді.
Ойы тұман болса, ол адамның әрекетінде де қателіктер болады.
Достарыңызбен бөлісу: