68
І. Мәтінге дейін жұмыс.
11.1. Әңгімелесу сұрақтары.
а) Халық санағы қай жылдардан басталды?
ә) Қазақ халқының саны азаюы не себептен?
б) Демографияны көбейтудің тетігі неде?
ІІ. Мәтінмен тікелей жұмыс.
11.2.
Жаңа сөздерді тыңдаңыз, жазыңыз, оқыңыз, мағынасын түсініңіз.
11.3. Демография нені зерттейді?
11.4. Демографиялық саясаттың міндеттері ?
11.5. Мәтіндегі сан есімдерді категориясына қарай бөлек теріп,
дәптерлеріңізге жазыңыздар.
11.6. Мәтіндегі сан есімдерді жинақтық, топтау және болжалдық
сан есімдерге
айналдырып, солардан он сөйлем құрастырыңыздар.
Жағдаяттық тапсырма
Сіздің қызметініңізді өсіру үшін білікті маман ретінде сізді ең нашар
кәсіпорынға
басшы қызметіне тағайындады, бірақ бұл кәсіпорынның көп
қарызы бар, мамандары істі сіз ойлағандай жүргізе алмайды,
сыбайлас-
жемқорлық орын алған. Сіз жұмысты неден бастар едіңіз?
11.7. Қазақ халқында жеті, тоғыз, қырық сандары
қасиетті сандар болып
есептеледі. Қасиетті сандар туралы сіз не білесіз, мәліметті толықтырыңыз.
Жеті күн: Жеті ғашық:
Жеті қазына: Жеті ата:
Төрт құбыла: Төрт маусым:
Үш ғайып: Үш алыс:
Үш арсыз: Үш қуат:
Үш байлық: Үш қазына:
11.8. Көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қойып жазыңыз.
Бір жылда ... күн, ... сағат бар. Наурыз
мерекесі әр жылда наурыз
айының ... жұлдызында аталып өтеді. Қазақстан ... жылы тәуелсіздігін алды.
Қазақстанда ... мемлекеттік қорық бар. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде
... орында. «Дүниежүзілік Сауда» ұйымына мүше мемлекеттер саны ... асады.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан халқының саны ... жетті.
11.9. Берілген есептік сан есімдерді жинақтық, топтау,
болжалдық сан
есімдерге айналдырыңыз.
1,3,5, 9, 10, 22, 16, 100, 52, 84, 56.