Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет109/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

ИСЛАМ ШЕҢБЕРІНІҢ КЕҢЕЮІ 
 
 
 
 
VII ТАРАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


171
М
ӘДИНАЛЫҚ АЛҒАШҚЫ МҰСЫЛМАНДАР 
Қажылық мерзімі. 
Мұхаммедтің пайғамбарлығының он бірінші жылы... 
Меккеге 
Араб 
түбегінің 
түкпір-түкпірінен 
қажылық 
міндетін 
орындауға келгендер арасында бірнеше мәдиналық мейман да бар. 
Пайғамбарлар сардары қажылық кезіндегі жылдағы әдетімен ру-
тайпаларды аралап, Исламды уағыздап жүріп, Ақаба деген жерде Мәдинадан 
келгендерге жолығады. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 
"Қай тайпадан боласыздар?" 
Мәдиналықтар: 
"Хазраж тайпасының өкілдеріміз". 
"Яһудилердің көршілері болып шықтыңыздар ғой". 
"Дәл солай". 
"Сіздермен әңгімелессем деп едім". 
Қонақтар келіскен сыңай танытып, жайғасып отырады. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) оларға Аллаһтың барлығы мен бірлігіне 
иман келтіру жайын уағыздап, "Ибраһим" сүресінің бір бөлігін оқып, 
түсіндірді. Сонан соң Исламға мойынсұнуға шақырды. 
Олар ертеректе аталарынан «Пайғамбарымыздың тоғызыншы атасы - 
Ғалип ибн Фихрдің нәсілінен пайғамбар шығады» дегенді естиді екен... 
Сондай-ақ Мәдинадағы ағайынды Хазраж, Әус рулары мен жергілікті 
яһудилер арасында бітіспес дау бар екен де, яһудилер хақ кітаптан хабардар, 
ілімді болғандықтан, Аллаһқа ортақ қосып пұтқа табынатын әустер мен 
хазраждарды менсінбей, әжуа қылады екен. 
Көрісіп қалса болды, яһудилер оларға: 
"Сендер не білесіңдер, өңкей миғұлалар? Жуырда соңғы пайғамбар 
пайда болуға тиіс. Біз соның соңынан ереміз де, сендерді түп тамырларыңмен 
жоямыз" - дейтін үнемі. 
Күтпеген жерден Аллаһтың елшісіне жолығып, оның уағызына елтіген 
хазраждар өз құлақтарына сенбестен: 
"Яһудилер айтатын пайғамбар осы болды ғой. Бұйырған кетпейді деген 
осы шығар, кеудемсоқтанып жүрген яһудилерден бұрын танысу бізге нәсіп 
болды. Иман келтіріп, дұшпанымыздан басым түсейік" - деп, ләм-мим сөзге 
келместен кәлимаға тілдерін келтіріп, мұсылман болды. 
Сонан соң сүйікті Пайғамбарымызға былай деді: 
"Біз ру-ру болып бөлініп, бір-бірімізді аяқтан шалып, дұшпандық 
жасауда алдымызға жан салмай келдік. Өзара ауызбірлік жоқ жерде 
басқалармен сыйластық қайдан болсын. Мұнан былайғы жерде сол рулардың 
Аллаһтың құдіретімен басы біріксе екен дейміз. Елімізге барған соң сенен 
естігендерімізді жұртымызға да баяндап, оларды жақсылыққа шақыратын 
боламыз. 


172
Егер 
Аллаһ 
Тағала 
оларды 
дін 
арқылы 
жақындастырып, 
ынтымақтастыратын болса, жер жүзінде сенен ардақты жанның болмағаны 
деп білеміз". 
Аллаһ Расулының үндеуіне үн қосып, Ислам нұрына бөленген алғашқы 
мәдиналық мұсылмандар мыналар: 
Әбу Умама Әсад, Ауф ибн Харис, Рафи' ибн Малик, Қутба ибн Амир, 
Жабир ибн Абдуллаһ. 
Алтауы да елдерінде елеулі, көпшілік құрметтейтін жандар. Сол 
себепті атамекендеріне қайтып, халқына пайғамбарды, оның өнегесін 
ұқтыруға асықты, насихаттары нәтижесіз қалмады. Аз уақыт ішінде 
Мәдинада Ислам нұры кеңінен жайылды. Аллаһ пен оның елшісінің 
тарапынан келген ақиқат шұғыласы әрбір шаңырақты шаттыққа кенелтті... 
Мәдинаға Ислам нұрыңың ұшқынын әкелген алғашқы алты 
мұсылманның арқасында қалың қауым мұсылмандар сапында бақытқа 
қауышты. 
Осылайша Мәдинаны құшағына алған иләһи нұр бірте-бірте қаланы 
Ислам мемлекетінің орталығына айналдырады... 
Мәдина 
халқының 
көпшілігі 
мұсылмандықты 
мойындағанмен 
кедергілер түбегейлі жойылды деуге болмас еді. Жақсылық тосқауылсыз 
болған ба?... 
Әус руының басшысы Саад ибн Муаз бен Үсәййід ибн Хұдайыр 
мұсылмандықты қабылдамаған болатын. Олардың бұл халі қара халыққа әсер 
ететіні рас. 
Саад ибн Муаздың Әсад ибн Зурараға жиен болып келетін жақындығы 
да бар. 
Бір күні Хазіреті Мусаб пен Хазіреті Әсад бір топ мұсылмандармен 
иман төңірегінде сұхбаттасып отырды. Әңгіме қызығын тасадан садағын 
асынып, оқыс шыға келген Үсәййід ибн Хұдайырдың: 
"Отырыстарыңа болайын, тіпті жайбарақатсыңдар ғой. Мүрдем 
кетірсем, кім мені тергер дейсің? Неге келдіңдер тып-тыныш жатқан 
еліміздің шырқын бұзып. Өзіндік пікірі жоқ деп дәрменсіз бұқараны алдап-
арбап жинағандағы мақсаттарың не?" - дейді зілденіп. 
Хазіреті Мусаб: 
"Ау, адамның баласысың ғой сен де. Адам - сөйлескенше деген, отыр 
алдымен айтарымызды тыңда. Ұнаса - қабылдарсың, ұнамаса - сонан соң 
қарсылыққа көш", - деді. 
Үсәййід мұндай лебізді күтпесе керек, қолындағы оғын жерге қадады 
да отыра кетті. 
Хазіреті Мусаб Ислам жайында жалпы айтып шықты да, Құранды 
нәшіне келтіріп оқыды. 
Үсәййід Құран сүресі оқылып бітпей жатып: 
"Неткен керемет! Не деген шешендік!" - деп таңданысын жасыра 
алмай: 
"Бұл дінге кіру үшін не істеу керек?" - деп сұрады. 


173
Хазіреті Мусаб оған Исламдық қағидаларды түсіндіріп шықты. Үсәййід 
екі сөзге келместен иман келтірді. 
Сонан соң асығыс жиналып: 
"Мен қазір сіздерге біреуді жіберемін. Егер ол да мұсылман болса, 
Мәдинада имансыз жан қалмайды", - деп кетіп қалады. Барған бойы Үсәййід 
Саад ибн Муазбен сөйлесіп, мұсылмандардан жамандық келмейтінін 
ұғындырады. Саад ибн Муаз оның айтқандарына қанағаттанбай, сенімсіздік 
көрсетіп өзі барғанды мақұл көреді. 
Салып ұрып Мусабты қаумалаған мұсылмандардың қасына келді: 
"Ей, Әсад! Менің ағайындыққа салып, үндемей жүргенімді сезетін 
боларсың. Әйтпесе, сенің істегендеріңе кез келген кісі төзбес еді", - деді. 
Мусаб оны да ақырын сабырға шақырып: 
"Ентелеп қайда барасыз? Отырып айтқандарымды тыңдап көріңіз. 
Түсініп, жақтырсаңыз қабылдарсыз. Көңіл қошыңыз соқпаса, біз де сізге 
мұнан былай ұсыныс айтпаймыз", - деді. 
Саад та мұсылман ұстаздың әңгімесіне құлақ түріп, Құранға ден қойды. 
Хазіреті Мусаб "Зухруф" сүресінің бірнеше аятын оқып шықты. Қасиетті 
кәлам оқылып жатқанда Саадтың жүзі нұрланып, көзі күлімдеп қалай 
жұмсарғанын өзі де байқамай қалады. Оны еліткен Құрандағы теңдессіз 
әуезділік пен үйлесімділік, соған негізделген нанымды насихат еді. 
"Бұл дінге кірудің жолы қандай?" - деп сұрады аптығып. 
Хазіреті Мусаб оған хақ дінге кірудің негіздерін түсіндірді. Саад сол 
жерде куәлік кәлимасын айтып мұсылман болды. 
Руластарының арасына қайтып келгендегі көңілін кернеген қуанышты 
қауымы да сезді. Халықты жинап: 
"Ей, халайық! Мені жетекші деп мойындайтындарың рас па?" - деп 
сұрады. 
Көпшілік бірауыздан: 
"Сен біздің басшымызсың", - деп мадақ жаудырды. 
"Олай болса, мен Аллаһқа, оның елшісі Хазіреті Мұхаммедке иман 
келтірдім. Сіздерден де соны өтінемін. Иманға келгенше сіздермен тілдесу 
маған харам болсын!" - деді. 
Осы сөзден соң қауымы бір кісідей Саадтың айтқандарына ұйып, иман 
келтіргендіктерін жария етті. 
Сол күнгі Әсад ибн Зурара мен Мусаб ибн Умаййрдың шаттығын бүкіл 
болмыс, айнала қоршаған табиғат бөліскен сыңайлы. Жер мен көк 
масаттанып мұсылмандарға мейірлене қарайтындай. Мәдинадағы Ислам 
тәлімгерлерінің иықтарынан зіл батпан жүк түскендей. 
Иә, Мәдина аз уақыт ішінде иман нұрына малынды. Бастарына мәңгілік 
бақ қонған құтты мекеннің тұрғындары арасында Бәни Үмаййа ибн Зәйдтің 
отбасы ғана мүшрік қалпында қала берген... 
Кейінірек олар да мұсылман болады. 


174


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет