Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет219/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Келісім баптары 
Келісім мынадай баптардан құралады: 
1. Мұсылмандар мен мүшріктер тыныш, бейбіт өмірді қамтамасыз 
ету үшін 10 жыл бойы бір-бірімен шайқаспайды. 
2. Пайғамбар мен мұсылмандар биыл Меккеге кірмей, кері қайтады. 
Келер жылы қастарына қылыштан басқа қару алмай келіп Қағбаны тауап 
етеді, Меккеде үш күн қалады. Бұл мерзім ішінде мүшріктер қаланы 
босатады. 
3. Мәдинадағы мұсылмандардан Меккені паналағандар болса, 
мұсылмандарға қайтарылмайды. Бірақ Меккеден Мәдинаға барғандар, 
мұсылман болса да сұралған сәтте кері қайтарылады. 
4. Араб тайпалары өз қалаулары бойынша Расулаллаһқа (с.а.у.) немесе 
құрайышқа жақтаса алады. 
Сахабалардың наразылығы 
Мұхаммед (с.а.у.) қандай да болса құрайыш мүшріктерімен арада 
бейбіт келісім жасап, сол арқылы Исламның саяси құдіретін оларға да, бүкіл 
Арабстан халқына да танытуды мұрат еткен. Сондықтан да құрайыш 
өкілдігінің басшысы Сухайлдың ұсыныстарын, сырт көзге мұсылмандарға 
қарсы сияқты көрінгенмен, екі айтқызбай қабылдаған. Мәселенің астарлы 
мәнін баста ұға қоймаған сахабалар бұған кейіп, реніштерін білдіреді. 
Әсіресе, мүшріктердің: "Сендерден біреу бізге келіп қосылса, оны 
қайтармаймыз. Ал бізден сендерге барған кісіні мұсылман болса да, кері 
бересіңдер", - деген ұсынысын естігенде асхаб қатты ашуланып: 
"Мұсылмандарға қосылған мұсылманды мүшріктердің қолына қалайша 
беріп қоямыз. 
Уа, Расулаллаһ! Бұл шартты қабылдамақпысың?" - деп таңданыстарын 
жасырмаған. 
Қалай болғанда да бір келісімге қол жеткізу арқылы Ислам мемлекетін 
ресми түрде құрайыштарға мойындатуды көздеген Пайғамбарымыз 
сахабалардың наразылығына былай жауап қатты: 
"Иә, бізден оларға өтіп кететіндерді Аллаһ бізден аулақ қылсын! 
Ал олардан бізге келіп, кері қайтарылатындарды да Аллаһ міндетті 
түрде біледі! Оларға, әлбетте, шығар жол көрсетері анық!" 
Келісім жазылып біткен, енді тек екі жақтың қол қоюы ғана қалды. 
Дәл сол сәтте аяқ қолы шынжырланған біреу өкпесі өшіп алқынып 
жеткен бойда мұсылмандар ортасына гүрс етіп құлады. Қызыққа қараңыз, 
бұл мүшріктердің өкілдігінің басшысы Сухайл ибн Амрдің ұлы Әбу Жәндал 
еді. Исламды өз еркімен қабылдаған оны мүшріктер азаптап, аяқ-қолын 
шынжырлап, қапаста ұстаған. Әбу Жандал амалын тауып қашып шығып тау-
тастың арасымен жасырынып сүйретіліп жүріп Хазіреті Расулаллаһқа жеткен 
беті еді. Әкесі Сухайл да сол жерден кете қоймаған-ды... 
Әбу Жәндал бірінші болып әкесінен қорлық көрген-ді, сол азаптан 
құтылу үшін пайғамбарды паналап келген. 


325
Әбу Жәндал туған әкесінен көрген қорлығына шыдай алмай 
Мейірімділік Сұлтанына (с.а.у.) "Мені құтқар" деп жалбарынған кейіпте 
жәутеңдей қарады. 
Өкініштісі сол, сәл бұрын жасалған келісімшарт бұл байғұсқа 
көмектесуге қайшы. Сухайл да соны меңзеп: 
"Міне, бейбіт келісім-шарт бойынша маған кері қайтаратын алғашқы 
адам осы!" - деді. 
Пайғамбарымыз: "Бейбіт келісімге әлі қол қойылған жоқ қой", - деді. 
Бұл жауапты естігенде Сухайлдың жүзі қуарып: 
"Олай болса, мен сенімен келісім жасауға мүлде қарсымын", - деді. 
Пайғамбарымыз: "Бір жолға осы адамыңды маған бер, сонан соң 
келісімге қол қояйық", - деді. 
Сухайл: "Жо-жоқ, о не дегеніңіз, келісімде айтылды - бітті, саған бере 
алмаймын", - деді. 
Аллаһ Елшісі тағы да қайталады: "Жоқ! Бір жолға өтінішімді орында". 
Сухайл бет бақтырмады: "Бұл өтінішіңді кеудемде жаным барда 
қабылдамаймын". 
Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.а.у.) екі оттың ортасында қалғандай күй 
кешті. Әбу Жәндалды көрер көзге азапқа итеру де оңай емес. Олай етпеген 
күнде құрайыштармен арадағы келісім бұзылады. Бейбіт келісімнің 
болашақтағы берерін түйсінгендіктен шарасыз қалған Пайғамбар (с.а.у.) Әбу 
Жәндалды әкесіне қайтаруға мәжбүр болды. 
Әбу Жәндал ышқына: "Уа, Расулаллаһ! Мұсылман бауырлар! Сендер 
мені қорлыққа қалайша қидыңдар? Менің азапталуыма риза болғандарың 
ба?" - деп жанұшыра айқайлағанда муһажирлер іштей егілді. 
Жазмышқа амал бар ма, Әбу Жәндал сөйтіп жауыз әкенің қолында қала 
берді. Расулулаһ оны алып қала алмаған соң мұсылмандар да үнсіз көнген. 
Пайғамбар рұқсат етпеген болса азап шеккен бауырларына көмектесу үшін 
жанын аямас еді олар. 
Пайғамбарымыз Әбу Жәндалға: "Біраз сабыр сақта! Азапқа кеуденді 
кер, шыда. Ақырының қайырын Аллаһтан тіле!... 
Аллаһ сенің және қасыңдағы панасыз мұсылмандардың жолын міндетті 
түрде ашады. 
Шарасыздықтан, берген серттен таймау үшін осыған мәжбүрміз", - деп 
жұбатты. 
Әбу Жәндалды мүшріктерге қайтарған сәтте мұсылмандардың қай-
қайсысы да қатты қапаланады. Хазіреті Омар Пайғамбарымызға қарап: 
"Уа, Расулаллаһ! Оны құрайыштардың қолына қайтып бергеніміз 
қалай? Дінімізді қорлау емес пе бұл?" - деп төте сауал қойды. 
Аллаһ Расулы: 
"Біз бұл іс турасында келісім жасағанбыз. Дініміз уәде бұзушылыққа 
қарсы", - деп жауап берді. 
Хазіреті Омар мұнан соң Әбу Жәндалға жақын барып: 


326
"Уа, Әбу Жәндал! Мүшріктердің қанын ағызу иттің қанын жүктегенмен 
бірдей екені күмәнсіз. Аллаһ жолында адам әкесін де өлтіреді. Өз қолыңмен 
өлтір әкеңді", - деп қылышын ұсынды. 
Әбу Жәндал: "Сен неге өлтірмейсің?" - деп оған қарсы сұрақ қойды. 
Хазіреті Омар: "Расулаллаһ оны және басқаларын өлтіруге тыйым 
салды", - дегенде Әбу Жәндал: "Мен де Расулаллаһқа мойынсұнуда сенен 
қалысқым келмейді", - деп жауап берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет