Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет220/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Мұсылмандар сынақта 
Сахабалар іштей тілегенмен Қасиетті Қағбаны тауап ету бұл жолы 
бұйырмады. Хазіреті РасулАлланың мүшріктермен арадағы келісімшарты да 
сырт 
көзге 
мұсылмандарға 
зиянды 
сияқты 
көрінген. 
Мәселенің 
маңыздылығын аңдай алмағандықтан қиналыс білдіргендер де шықты. 
Мұсылмандар мұның астарындағы сырды ұға алмай әбігерге түскен. 
Осындай әрі-сәрі күйден арыла алмаған Омар Фаруқ тағы да суырылып 
алға шықты. 
Пайғамбардан: "Сен Алланың хақ пайғамбары емессің бе?" - деп 
сұрады ол. 
Пайғамбарымыз: "Иә, солай. Мен Алланың пайғамбарымын". 
Хазіреті Омар "Біз мұсылмандар хақ жолда, ал мүшріктердің теріс 
бағытта екені де рас па?" 
Пайғамбарымыз: "Иә, солай". 
Хазіреті Омар: "Олай болса дінімізді аяққа таптатуға үнсіз қала 
бермекпіз бе?" - деді. 
Пайғамбарымыз: "Уа, Хаттабтың ұлы! Мен Алланың құлы әрі
расулымын. Алланың әміріне қарсы шықпаймын. 
Жоғарыдағы келісімшартты қабылдауым да Аллаһқа қарсылық емес. 
Ол маған ешқашан зиян шектірмейді", - деп жауап берді. 
Хазіреті Омар бұл жолы: "Сен бізге Аллаһ жәрдемші болатынын, 
Қағбаны бәріміз бірге тауап ететіндігімізді айтып уәде берген жоқ па едің?" -
деді. 
Пайғамбарымыз: "Уәде бергенім рас. Бірақ дәл биыл тауап етеміз 
демедім", - деді. 
Хазіреті Омар күмілжіп: "Солай", - деді. 
"Олай болса қайталап айтамын: Сен міндетті түрде Меккеге келіп 
қағбаны зиярат етесің", - деді Мұхаммед (с.а.у.). 
Хазіреті Омар сонда да тынши алмай Хазіреті Әбу Бәкірге келді. 
"Уа, Әбу Бәкір, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Алланың хақ пайғамбары 
емес пе?" - деп сұрады. 
"Иә, - деді Әбу Бәкір, - Ол хақ пайғамбар". 
"Біз, мұсылмандар - тура жолда, ал дұшпандарымыз, мүшріктер - 
бұрыс жолда екені рас қой?" 
"Иә, біздікі - ақ, олардың ұстанғаны - дұрыс емес". 
"Солай екенін біле тұра дінімізді қорлатып қоймақпыз ба?" 


327
"Уа, Омар! Мұхаммед (с.а.у.) - Алланың елшісі. Ол Раббына қарсы 
шықпайды. 
Аллаһ Оның көмекшісі! 
Сен соның әміріне мойынсұнғанды біл!" - деді салмақтап. 
Хазіреті Омар сонда да болмай: "Ол бізге Мәдинадан шықпай тұрып 
Бәйтуллаһқа барамыз, тауап етеміз демеп пе еді?" - деді. 
"Иә, солай деген. Бірақ Қағбаны биыл тауап етеміз деп кесіп айтып па 
еді?" - деп сұраққа сұрақпен жауап қатты Әбу Бәкір Сыддық. 
- "Жоқ". 
- "Сен міндетті түрде Бәйтуллаһты жақын арада зиярат етесің", - деп 
Әбу Бәкір Сыддық досына демеу берді. 
Хазіреті Омар арадан көп уақыт өткенде осы қылығына өкініш 
білдірген. 
"Мені сол күні не қара басқанын білмеймін. Пайғамбарымызға бұрын-
соңды олай сөйлеген емеспін. 
Егер сол күні менің пікірімді қолдайтын біреулер шыққанда, 
мұсылмандардан ажырап соларға қосылған болар ма едім?! 
Аллаһ ақыры соңын қайырлы қылды. 
Расулаллаһ соны алдын ала болжап білген екен. 
Сол күні Расулаллаһқа айтқан сөздерімнен өзім қорқып кінәмды жуып-
шаю мақсатымен күндіз-түні намаз оқыдым, ораза тұттым, садақа беріп, құл 
азат еттім", - деген екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет