390
Жаңбыр дұғасы
Қырсықты қойсаңшы, тура Хижрға келгенде
жауынгерлердің сулары
таусылып, әбден әлекке түседі. Аңқасы кеуіп, әлі құрып құлағандар да аз
болмайды.
Сарбаздар арасындағы саусақпен
санарлық мунафиқтар тағы да
Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) кінәлап ала жөнеледі.
Жеңіл ауыздылары: "Ау, пайғамбарлығы қане, осынау бәлекеттен
құтқара алмаса?" - деп тілдерімен түйреп үлгереді.
Сыпсың сөз Хазіреті
Мұхаммедке (с.а.у.) де жетеді. Пайғамбарымыз сахабалардың өтінішіне орай
Аллаһтан жауын тілеп, дұға етеді.
Соны күтіп тұрғандай-ақ сіркірей бастаған жаңбыр аздан соң нөсерге
айналды.
Пайғамбардың дұға - тілегі әрдайым қабыл болып отырған.
Муғжизалардың мұсылмандардың имандарының күшеюінде зор рөлі
болғаны шындық.
Он тоғыз күн дегенде жол азабын артқа тастап Ислам армиясы Тәбүкке
келіп жетеді.
Бірақ арып-ашып келген мұсылмандар Византия
әскерінің ізін де көре
алмай дал болады. Шығыс Рум императорлығы әуелде қоқиланып
мұсылмандарды жаншуды ойлағанмен, жеме-жемге
келгенде батылдары
жетпей айныған болатын.
Оба туралы Пайғамбарымыздың айтқаны
Тәбүкте жатып бірнеше күн айналаны барлауды мақұл көрген
Пайғамбарымыз Шам жақтан оба індеті шықанын естиді. Сондағы айтқаны:
"Жүрген жерлеріңді оба жайлар болса, одан қашып ешқайда барушы
болмаңдар. Оба шыққан жерге де жоламаңдар".
Медицинада "қара өлім" аталған обаның қауіпті, жұқпалы екенін бір
мың төрт жүз жыл бұрын хабар беріп, карантин тәртібін сол кезде-ақ айтқан
пайғамбардың Аллаһ елшісі екендігіне шүбә келтіру күнә.
Достарыңызбен бөлісу: