Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Ха Мим...  Бұл Құран рахман, рахим (Аллаһ) тарапынан түсірілген



Pdf көрінісі
бет82/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Ха Мим... 
Бұл Құран рахман, рахим (Аллаһ) тарапынан түсірілген. 


132
Түсінетін адам үшін аяттары анықталып, түсіндірілген арабша бір 
кітап. 
Жәннат жайын баяндап сүйінші хабар береді, әрі жәһаннам 
азабымен қорқытады... Бірақ олардың (Мекке кәпірлерінің) көбісі 
(Құранға) сенбей, бас тартты. Олар ендігі жерде хаққа құлақ та 
салмайды..." 
Сүрені 
сәжде 
аятына 
дейін 
оқып, 
сәждеге 
жығылған 
соң 
пайғамбарымыз Утбаға қарап: 
"Оқығандарымды мұқият тыңдаған болсаң, арғы жағын ішің білсін", - 
деді. 
Құранның әуезділігі, мағынасының тереңдігі Утбаға төбесінен жай 
түскендей әсер етіп, жүзі нұрланып сала берді. 
Расулаллаһтың қасынан шығып, Қағбаға қарай аяңдағанда оны 
тағатсыздана тосып тұрғандар өңіндегі өзгерісті сезбей қалмады. 
"Анаған қараңдар, бір түрлі жүзіне нұр толып, құлпырып кетіпті", - деп 
шуласты. Іштері бір "бәленің" болғанын сезсе де "жамандыққа" жоруға 
асықпай өзінің келуін күтті. 
Утба жолдастарына жақын келіп: 
"Уа, жарандар, мен өмірімде естімеген керемет бір кәламға куә болдым. 
Мені тыңдасаңдар, Мұхаммедті (с.а.у.) қудалауды доғарыңдар. 
Оның оқығандары өлең де емес, сәуегейдің сөзіне де, сиқыршының 
арбауына да ұқсамайды. Мүлде бөтен, ғаламат әуен. 
Ант ішіп айтамын, оның айтқандары тылсымға толы, аңдамай амалдап 
қателікке ұрынып жүрмейік. Бізден басқа да арабтар бар ғой, солар-ақ із 
кессін. Егер ол арабтардан басым түссе, оның жеңісі - сіз бен біздің жеңісіміз 
болады емес пе?! Соның арқасында бағымыз ашылып, құрметке бөленуіміз 
де ғажап емес", - деді. 
Утбаның жаңалығы құрайыштарға ұнаған жоқ. 
"Сен де дуаланып, сиқырға елтіп қалыпсың ғой, сенгеніміз - сен 
болсаң...", - деп қолдарын бір-ақ сілтеді. 
Утба да сөзін тыңдата алмағаннан кейін: 
"Ендеше, өздерің біліңдер, менен жауапкершілік кетті", - дейді. 
Мүшріктер жығылған үстіне жұдырық жеп, Исламның ғаламдық 
ақиқаты алдында дәрмендері түгесілді. Ойластырған қулықтары айналып 
маңдайларына таяқ боп тиді. 
Өйткені Аллаһ Тағаланың: 
"Мен кәпірлер мен мүшріктер қаламаса да нұрымды тәмамдаймын" 
деген анты бар-ды... 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет