Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Документ 1

5.1. Макростар құру 
Макрос жапсырмасындағы Құру түймесін шерткенде макрос терезесінде пайда 
болады. (8.1-сурет). Бұл терезедегі бланкінің жоғарғы бөлігінің әрбір қатарында 
берілген макрокомандалар таңдалады да, оның сәйкес парамертлері осы бланкінің 
макрокомандалар аргументтері бөлігінде беріледі. Қажетті макрокомандалар таңдалып
болған соң, терезені Жабу түймесі арқылы жауып және оған атау енгізе отырып, 
макросты сақтау керек. 
Макросты қолдануға мысал келтірейік. Мысалы, 7.2ә-суреттегі жинақты тізбеден 
орташа үлгерімі 4-тен жоғары студенттер тізімі қажет болсын. Мұны фильтрлеу немесе 
сүраныс құру арқылы орындауға болатыны белгілі. Енді оны макрос арқылы да 
орындауға болатынын көрсетейік. Ол үшін мынадай әрекеттерді орындау керек: 
- фильтр қолдану макросын құру (фильтр қолдану макрокомандасын таңдап, іріктеу 
шарты қатарындағы үш нүктені шерткенде пайда болатын Өрнек құрастырушы 
терезесінде{жинақ, орташа үлгерім}>=4шартын енгізу керек. 
- 7.2ә-суреттегі жинақты тізбе кестесін ашу. 
Сервис – Макрос командасын беру. Бұл әрекеттердің нәтижесін Фильтрді жою 
түймесін басу арқылы алып тастауға болады. Кестені макрос арқылы фильтрлеудің
артықшылығы оның фильтрлеу шарты алдын-ала жазылып, макроста сақталып
тұратындығында. Яғни, жиі қолданылатын фильтрді макросқа жазып қоюға мүмкіндік 
бар. 
Макросты, Сервистен басқа, программалық жолмен немесе формалар мен
есептердегі басқару элементтері арқылы іске қосуға болады. Егер макрос, белгілі бір 
объектімен байланысқан қандай да бір оқиғамен сәйкес қойылған болса, онда 
қолданушының қалауынсыз-ақ өздігінен іске қосылады. Формалар мен есептерді 
қарастырғанда қандай да бір процедураның орындалуы оқиғамен қалай 
байланысатынын көрсетілген болатын. Оқиғаларды өңдеу үшін макростар да дәл солай 
қолданылады, яғни олардың қасиеттерін анықтау кезінде оқиғаға сәйкес қатарда макрос
атауын көрсетсе жеткілікті. Мысалы, МБ объектісін ашу алдында қандайда да бір 
хабарламасы бар сұхбат терезесін шығаратын макрос құру қажет делік. Ол үшін 
төмендегідей әрекеттерді орындау керек.
1. Хабарлама макрокомандасынан тұратын макрос құру.Бұл макростың
аргументі ретінде, мысалы, «Бұл форманы редакциялау үшін Р. 


Майкеновтен түсініктеме алыңыз» тексті, ал оның тақырыбы ретінде 
«Ескерту» сөзі енгізілсін. Мұны Макрос 3 деп атайық. 
2. Объектіні Конструктор режимінде ашып, оның көлденең және тік 
сызғыштарының бас жақтары қиылысуында орналасқан шаршыны шерткенде 
пайда болатын контексті мәзірдің Оқиға жапсырмасындағы Ашу қатарында 
макрос атауын енгізу. Мысалы, Студенттер мәліметі есебі Конструктор 
режимінде ашылып, оның оқиға қасиетіне Макрос 3 енгізілсін (8.2-сурет). 
Сонда осы объектіні ашар алдында экранда 8.3-суретте көрсетілгендей терезе 
ашылады. Ол ОК түймесі басылғанға дейін экран бетінде тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет