Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы


Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Документ 1

2.5 Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі 
Access программасының әр түрлі форматтағы басқа файл мәліметтерін МБ
мәліметіне айналдыру мүмкіндігі бар. Оның суретте көрсетілген терезеде орындауға 
болады. 
Мәліметтерді DBASE, FOXPRO сияқты МБ – нан мейлінше оңай орындалады. 
Өйткені, олардың құрылымдары ұқсас, яғни МБ-да мәліметтер импорттау оңай жұмыс 
емес. Оның жұмыс парағы да бағандардан тұрғанымен, олар МБ бағандар сияқты емес. 
Өйткені, олар әр түрлі типтегі берілгендерді сақтай алады. Мұндай импорттау кезінде
қолданушыға бірнеше қосымша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап бере отырып, 
импорттау жұмысын орындауға болады. Бірақ, оның өзінде берілгендер толық 
көшірілмеуі мүмкін. Информациялық жүйелер қолданатын берілгендерден тұратын 
текстік файлдары импорттауға болады. Мұндай файлдардың ерекшелігі оларда 
берілгендер белгілі ретпен жазылады. 
Мәліметтерді импорттау арнайы Шебер арқылы орындалады. Оның жұмысы 2.8-
суреттегі параметрлерді анықтаудан басталып, алты қадамнан тұратын Шебер 
терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі Дайын түймесін 
басумен аяқталады. Сонда бастапқы алынған файлдағы мәліметтер Access МБ-ның 
мәліметтеріне айналады. Сонымен, импорттау процесінде Access кестесінің өрістері 
анықталып, ондағы мәліметтер сырттағы басқа файлдан алынады. 
2.6. Кестелермен байланыс режимі 
МБ-ның Access-те қолдау табатын бірнеше форматтары бар. Сондықтан кейбір 
жағдайларда МБ-нан импорттаудың орнына файлмен байланыс орнату жеткілікті. Бұл 
тәсіл әр түрлі МББЖ-де құрылған екі информациялық жүйені интегралдауға мүмкіндік 
береді. Сонымен кестелермен байланыс режимінің алгоритмі мынадай: 


1. Жаңа кесте сұхбаттық терезесінде (2.1-сурет) кестелермен байланыс тәсілін 
белгілеп, ОК түймесін басу керек. 
2. Пайда болған Байланыс терезесінде байланыс жасайтын файл және оның типі 
таңдалады. 
3. Жабу түймесін басып, байланыс процедурасын аяқтау керек.Осы қадамдардан 
кейін ағымдық қатынаста байланысқан БҚ жайында информация сақтау үшін, 
INF типтегі файл құрылады да, атауы байланыс файлы атауымен аттас кесте 
пайда болады. Байланысқан кестеде жаңа өріс құруға болмайды, бірақ жазбалар 
қосу 
мүмкіндігі 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет