Жоспары:
I. Кіріспе
II.
Негізгі бөлім
1.
MS Access деректер базасы. 1.1 Деректер базасының құрылымы
1.2. МБ-ын жобалау кезеңдері
1.3. Access-тің объектілері.
1.4. Access – ті пайдалану жолдары.
1.5. Access –ті іске қосу және одан шығу.
2. Кестелер және оны құру.
2.1. Кесте режимі.
2.2. Конструктор режимі.
2.3. Орналастыру шебері.
2.4. Кестелер шебері.
2.5 Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі.
2.6. Кестелермен байланыс режимі.
2.7. Кестелер арасындағы байланыстарды құру.
3.Басқару элементтері.
4. Есептер шебері.
5.Макростар және модульдер.
5.1. Макростар құру.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
тізімі
I.
Кіріспе
Қазіргі кезде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала
жоқ деуге болады. Ал, компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға
өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі – жұмыс жасауға
қажетті мәліметтер базасын МБ құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін
нәрселеріміздің барлығы қандай да бір қордың элементтері болып саналады.
Мәліметтер базасымен жұмыс жасай білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс
істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Сондай-ақ бұл саладағы
мамандарға барлық уақытта жұмыс табылады деп айтуға да болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – мәліметтер базасымен жқмыс
істеуге арналған программа.
Олардың қатарына DBASE, FOXPRO, MICROSOFT
ACCESS т.б. программалар бар.Microsoft office пакетінің құрамындағы
Microsoft Access программасының Access 7.0, Access 95, Access 97 сияқты
бірнеше нұсқалары бар. Олардың ортақ мүмкіндіктерін қарастырып, алдағы
уақытта программа атауларын қысқаша MS Access немесе жай ғана Access деп
атаймыз.
MS Access-ті пайдаланатындар – көбіне есептеу
техникаларымен жұмыс
жасайтын, бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай
қолданушыларды бұл программаның оқып-үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді
өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігін, сондай-ақ МБ-дағы қажетті
объектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы
қызықтырады. MS Access-тің бір артықшылығы – жергілікті желіні қолданудағы
мүмкіндіктері (MS Access-ті қолданушылар ол туралы мәліметті кітаптардан
немесе программада орналасқан анықтамадан алуына болады.)
Access программасы жөнінде әдебиеттер жеткілікті. Алайда, олар
негізінен орыс,
ағылшын тілдерінде, ал қазақ тілінде жоқтың қасы. Ұсынылып
отырған оқу құралының мақсаты осы кемшіліктерді толықтыру. Қолданушыға
Access-те МБ-ын құру мүмкіндіктері мен олардың арасындағы
байланыс ерекшелік Windows терін көрсету арқылы мәліметтер базасымен нақты
жұмыс жасауды үйренуге қолқабыс жасау.
Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының MS
Access прогораммасын оқып үйренуге және оларды қолданып, МБ-мен жұмыс
істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені, Access программасымен жұмыс істеу
принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде
ашылады.
MS Access-ті басқарудың әр түрлі тәсілдері бар: меню жүйесіндегі
саймандар тақтасы,
контексті мәзір, тышқан көрсеткішін және клавиштер
комбинациясын қолдану. Бұлардың көбі бір команданы қайталауы мүмкін,
сондықтан олардың бәрін бірдей қолданудың қажеті жоқ. Негізінде, ең
ыңғайлысы – контексті мәзір мен тышқан. Контексті мәзірді керек уақытында
тышқанның оң жақ түймесін басу арқылы кез-келген объектіге байланысты
шығаруға болады. Сондай-ақ контексті мәзірден осы объектіге байланысты
қандай операциялар жасауға болатыны да көрінеді.
Оқу құралында жалпыға бірдей кейбір келісімдер қолданылған. Мәзір
жүйесі мен командаларды сипаттаған кезде көп сөзден құтылу үшін олардың
атаулары ғана “---” символымен байланыстырылып жазылады. Мысалы: Сервис-
Макрос, Макросты іске қосу тізбегі Сервис мәзіріндегі Макрос командасының
Макросты іске қосу ішкі командасын таңдауды білдіреді.
Командалар мен
мәзірлер ат аулары боялып, терезелер, жапсырмалар, қасиеттер және т.б.
атаулар қиғаш жазылған. Кейбір алгоритмдердің әрекеттері қарастырылған
мысалдың берілгендері үшін нақтыланып көрсетілген.
Бұл оқу құралы сегіз тараудан тұрады: 1-тарауда Access программасымен жұмыс
істеудің алғашқы мәліметтері; 2-тарауда кесте объектілерін құру
тәсілдері мен олардың арасында байланыс орнату; 3-тарауда кестелермен жұмыс
жасау
техникалары; 4-тарауда сұраныс объектілерін құру тәсілдері; 6-тарауда
формалар мен басқару элементтерін құру тәсілдері; 7- тарауда есептер мен
диаграммалар құрып,
оларды баспаға басу әдістері; 8- тарауда макростар мен
модульдер жайында түсініктеме және макрокомандалар мен МБ-ындағы оқиғалар
тізімі берілген. Әр тараудың соңында студенттердің өзін-өзі тексеру жаттығуларына
арналған сұрақтар мен тапсырмалар берілген.