№9 Аралық бақылау №3. №10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата06.12.2022
өлшемі3,95 Mb.
#55133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—08 в 23.07.18

 
 
5-сурет. Аш ішектің ішкі құрылысы (қатпарлар және бүрлер жақсы жетілген) 
 
6-сурет. Мықын ішектің ішкі құрылысы (соңғы бөлімінде қатпарлар және 
бүрлер болмайды) 
 
 
7-сурет
]
. Топтасқан лимфоидтық туйіншелер- Noduli lympatici aggregati 
(пейеров құлақшалары) 
 


4. 12-аш ішек бұрылысы. Оның орны, практикалық маңызы. 
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 29-36 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 57-61 беттер. 
Он екі елі-аш ішек иіні (flexura duodenojejunalis) – он екі елі ішектің аш 
ішекке өтер жерінде орналасқан (8-сурет): 
-flexura duodenojejunalis II-ші бел омыртқаның солжақ бетіне 
байламдармен (дәнекер тіндермен) бекіп орналасады;
-сондықтан, операция кезінде аш ішектің (jejunum-ның) басталатын 
жерін анықтау үшін flexura duodenojejunalis-ты тауып алу керек, содан соң 
аш және мықын ішектерді тексеруге болады; өйткені аталған ішектер өте 
ұзын, перистальтикасы күшті және беті жылтыр, тайғақ келеді, операцияда 
қолдан тайқып шығып кете береді де, аш және мықын ішектерді толық 
тексеруге мүмкіндік болмайды (әсіресе ішке біз, пышақ салып алғанда және 
іш жарақаттары кезінде маңызды).
 
8-сурет. Он екі елі-аш ішек иіні (flexura duodenojejunalis) – он екі елі 
ішектің аш ішекке өтер жерінде орналасқан: 
5. Соқырішек, құрылысы, қызметі, ішастарғақатынасы.
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 41-46 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 64-69 беттер. 


Жуан (тоқ, жиек) ішек ( intestinum crassum) ( грекше "colon" - жиек) – 
жіңішке ішектің жалғасы және асқорыту жолының соңғы бөлімі.
Тоқ ішекті үш негізгі бөлімге бөледі (9-сурет): 
1. Соқыр ішек (бүйен) құрттәрізді өсіндісімен (caecum, грекше
"typhlonet appendix vermiformis); 
2. Жиек ішек (төрт бөліктен тұрады):
-өрлемелі жиек ішек (colon ascendens);
-көлденең жиек ішек (colon transversum);
-төмендемелі жиек ішек (colon descendens);
-сигматәрізді жиек ішек (colon sigmoideum) ( грекше " romanum"); 
3. Тік ішек (rectum) ( грекше " proctos"). 
9-сурет. Тоқ ішектің үш негізгі бөлімі: соқыр ішек (бүйен) құрттәрізді 
өсіндісімен, жиек ішек және тік ішек 
Соқыр ішек (intestinum caecum) (грекше " typhlon") – оңжақ мықын 
шұңқырында орналасқан; ішастарға байланысты интраперитонеалді 
орналасады, бірақ шажырқайы болмайды.
Соқыр ішекке тән құрылымдар (10,11-суреттер). Құрт тәрізді өсінді 
(appendix vermiformis) интраперитонеалді орналасады және өзінің меншікті 
шажырқайы және қантамырлары болады (артериясы әртүрлі жағдайда 
орналасуы мүмкін (81-сурет). Сілемейлі қабығында көптеген лимфоидтық 
түйіншелер (folliculi lymphatici aggregati appendicis vermiformes) орналасқан, 
олар негізінен шоғырланып топтасып миндалина түрінде жатады және 
өсіндінің қуысын сақина тәріздес тұтас қоршап орналасады. Ескеретін 
жағдай, құстарда болатын Фабрициус қапшығы сияқты, appendix vermiformis-


тың да иммундық жүйеде маңызы өте зор, яғни В-лимфоциттердің 
біріншілікті (алғашқы) дифференциялануын қамтамасыз етеді.
10-сурет. Соқыр ішек (сыртқы көрініс) 
11-сурет. Соқыр ішек (ішкі көрініс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет