9. Жіңішке ішектің тоқ ішектен айрықша ерекшеліктері
.
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі
том, 2017ж, 41-43 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 64-66 беттер.
Тоқ ішектің өзіне тән ерекшеліктері болады (15-сурет):
1) таспалар (
taeniae) – тек үш жерде орналасатын ұзынабойлық
бұлшықетті талшықтардың қалыңданған жері (ескеретін жағдай, таспалар
аралығында басқа ұзына бойлық бұлшықет талшықтарының болмайтындығы
және үш таспаның да құрттәрізді өсіндінің негізіне келіп аяқталатындығы,
яғни операция кезінде осы таспалар бойымен жүріп өсіндіні оңай табуға
болады):
-шарбылық таспа (
taenia omentalis) – шарбының бекитін орны;
-бос таспа (
taenia libera) – бос жатады;
-шажырқайлық таспа (
taenia mesocolica) – шажырқай бекінген жер;
2) қампаймалар (
haustrae) - ішектің сыртқа қарай томпайып кеңейген
жерлері;
haustrae-ның түзілуі
– таспалардың, яғни ұзына бойлық бұлшықет