№9 Аралық бақылау №3. №10 Асқазан және ішектер. Ішастар және оның туындылары



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата06.12.2022
өлшемі3,95 Mb.
#55133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—08 в 23.07.18

Сигматәрізді жиек ішек (colon sigmoideum) ( грекше “romanum”) 
солжақ мықын шұңқырында және мықын қыры деңгейіннен солжақ сегізкөз- 
мықын буынына дейін созылып жатады. Ішастарға қатынасты орналасуы –
интраперитонеалді және меншікті шажырқайы (mesocolon sigmoideum
болады. 
8. Тік ішек: топографиясы, қызметі , ішастарға қатынасы.
 
Оқулықты қараңыз: 1) Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы», 2-щі 
том, 2017ж, 53-61 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 69-72 беттер. 
Тік ішек (rectum) ( грекше " proctos") – нәжісті жинақтайтын және сыртқа 
шығаратын тоқ ішектің соңғы бөлігі (13,14-сурет). Тоқ ішекке тән 
бұлшықеттік таспалар мен қампаймалар тік ішекте болмайды. 
І. Голотопиясы: кіші жамбас астауында орналасқан. 


ІІ. Скелетотопиясы: солжақ сегізкөз-мықын буыны немесе сегізкөздің мүйісі 
деңгейінен басталып шатаралыққа дейін орналасады. 
ІІІ. Синтопиясы:
-тік ішектің алдында: ерлерде – қуық, шәует қуықшалары және атабез, 
ал әйелдерде – жатыр және қынап орналасқан; 
-артында – сегізкөз;
-бүйір жағында – мықын тамырлары орналасады. 
IV. Тік ішектің макроскопиялық құрылысы (13-сурет)
-тік ішектің жалпы ұзындығы 13-16 см аралығында болады; 
1) Үш бөлігі болады: 
-жамбас (pars pelvina) немесе ампула үсті (pars supraampullaris); 
-ампула ( ampulla recti) – кеңейген жері, диаметрі 8-16 cм ; 
-анус (артқы өтіс) каналы (canalis analis), анус (көтен, айналшық) 
тесігімен (anus) аяқталады; canalis analis ұзындығы 2,5-3 см;
Ескеретін жағдай, клиникада тік ішекті бес бөлікке бөледі: ампула үсті 
(немесе тікішек-сигма бөлігі), жоғарғыампулалық, ортаңғыампулалық, 
төменгіампулалық және шатаралықтық. 
2) Екі иілімі ажыратылады: -сегізкөздік иілім (flexura sacralis), сегізкөздің 
алдыңғы ойыстанған бетіне сәйкес жатады, яғни иілімнің дөңес жағы артқа 
қараған; -шатаралықтық иілім (flexura perinealis), иілімнің дөңес жағы 
құйымшаққа сәйкес алдыға қарайды;
13-сурет. Тік ішектің макроскопиялық құрылысы 


Тік ішектің микроскопиялық құрылысы (14-сурет). 
14-сурет. Тік ішектің микроскопиялық құрылысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет