14 15 БАЗАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТІ БАЗАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТІ Видеоәдіс – оқытудың жеке әдіс-тәсілдерінің бірі. Бұл әдісті сабақты түсіндіргенде, бақылау, қорытындылау, қайталау, жинақтау
жұмыстарын ұйымдастырғанда қолдануға болады. Әдіс ақпаратты визуалды қабылдауға негізделген.
Видеоәдістің оқу үрдісін ұйымдастыру жұмыстарына қоятын талаптары жоғары. Ол нақтылықпен, жан-жақты ойластырылуымен және
мақсатқа сәйкестігімен ерекшеленуі тиіс. Видеоәдісті пайдаланатын мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына еліктіріп, оларға бағыт-
бағдар бере отырып, негізгі түйіндерін айтып отыруы керек, сонымен қатар әр оқушыға жекелей көмек беруі тиіс.
Мультимедиалы презентацияларды қолдану арқылы өтетін сабақтар оқушыларды қанаттандыруы керек. Яғни, оқушылардың құлшы-
ныстарын арттырып, сабақ материалын мазмұндау арқылы уақытты үнемдеуге көмектесуі қажет.
Осылайша, мультимедиа-технологияларды пайдалану келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: интерактивті тақта, интерактивті
сауалнама жүйесі, әртүрлі оқу бағдарламалары, мультимедиалы экран.
Компьютердің көмегімен сабақты жоспарлағанда мұғалім нақты бір дағдыларды қаншалықты меңгергеніне байланысты төмендегі
іс-әрекеттерді жасай алады:
1. Бағдарламалау тілінің көмегімен сабақтың әр түрлі деңгейінде пайдалануға болатын әртүрлі бағдарламалық өнімдерді дайындау;
2. Сабаққа дайындалу барысында және сабақта дайын бағдарламаларды пайдалану (энциклопедия, оқу бағдарламалары);
3. PowerPoint электронды презентациясы мен Microsoft Office пакетін пайдалану. Электронды презентация аз ғана уақыт ішінде үлкен
дайындықсыз-ақ көрнекі материал жасауға мүмкіндік береді;
4. Сабақ жобасын дайындағанда деректер қорын қолдану;
5. Үлестірме және дидактикалық материалдарды дайындау барысында Microsoft Word редакторымен жұмыс істеу;
6. Компьютердегі тесттер мен диагностикалық кешендерді пайдалану.
Медиатехнология саласында құзіретті қалыптастырудың тәжірбиелік әдісі педагогтардан нақты бір тәжірбиелік дағдыларды меңгеруді
талап етеді. Мысалы, медиамәтіндерді жазу, видеотүсірілімдер өткізу, компьютерлік техникалар арқылы видеомонтаж жасау, суретке
түсіру, суреттерді сканерлеу, импортталған суреттерді компьютерде өңдеу, презентация дайындау, материалдарды Интернетке жүктеу,
анимация эффектілерін пайдалану және т.б.
Пән мұғалімдерінің ақпараттық технологиялар саласын жетік меңгеруі деген ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
саласын білуін, өздерінің кәсіби қызметінде жаңа технологияларды ұтымды пайдалануын білдіреді.