Күнделікті дамып жатқан дидактикалық құралдардың бірі – мультимедиа технологиясы. «Мультимедиа»
ұғымы мәтін, графика, мульти-
пликация, видео және дыбысты біріктіреді. «Мультимедиа» термині multy (латынша multum – көптеген бөліктерден тұратын, көпше және
media (орта, құрал). Сөзбе-сөз аударсақ «көптеген құралдар» деген мағынаны береді.
Білім берудегі медиа өнімнің негізгі дидактикалық бірлігі – аудиовизуалды образ. Техникалық мағынасында бұл объектілердің образдары
түріндегі экранға шыққан цифрлендірілген ақпарат тасымалдаушылардағы деректер. Психолого-педагогикалық мағынасында бұл зерт-
теліп отырған объективті нақтылықтың субъективті бейнесі экран арқылы берілетін оқу мазмұнын берудің формасы.
Осыған байланы-
сты аудиовизуалды образды жасаудағы негізгі міндет – оқушылардың тақырыпты қабылдауын жеңілдету және түсінікті әрі қарапайым
жолдармен көрнекі бейнесін жасау арқылы жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: