4-қадам. Әр партаға бір карточкадан үлестіріп шығыңыз. Онда ұқсас екі сөйлем
жазылған. Оның біреуі – факт, біреуі – пікір.
Тапсырма: Сөйлемдердің қайсы пікір, қайсы факт?
СЛАЙД № 7 3-ЖАТТЫҒУ. ФАКТ ПЕН ПІКІР ҰСЫНЫЛАТЫН УАҚЫТ: 10 МИНУТ 5-қадам. Оқушылар жұптасын жұмыс істейді.
1 а) Білім министрлігі қыстың қатты суық
болғанынан СҚО мектептерінде қысқы
демалыс уақытын ұзартты.
б) Биылғы қыстың қаһары қатты, сондықтан
Білім министрлігі демалысты ұзартуы ке-
рек.
2 а) Демалыс ұзартылды деген хабарлама-
ны естіп, бәлкім, ол қуанған болар.
б) Демалыс ұзартылды дегенді ести сала
ол күлімдеп қоя берді.
3 а) Саған спортпен шұғылдану керек
сияқты
б) Менің досым спортпен шұғылданған соң,
денсаулығы жақсарды.
4 а) Бірнеше миллион жыл бұрын Жерде
динозаврлар өмір сүрген.
б) Жерде климат кенеттен бұзылған болуы
керек, сол себептен динозаврлар қырылып
қалды.
5 а) 2018 жылы мамырда инфляция 2017
жылғы желтоқсандағы 7,1% -дан 6,2%-ға
дейін төмендеді
б) Инфляциядан компания табысы азаюы
мүмкін
6 а) Егер CURIOSITY Марста адамдар бар
екенін анықтаса, онда ғарыштан келген
адамдарды аңдып жүргендер қуанатын
шығар
б) CURIOSITY Марста тіршілік бар екенін
анықтамады.
7 а) Салық ауыртпалығы төмендеген соң,
елдегі экономикалық көрсеткіштер жақ-
сарды
б) Салық ауыртпалығының төмендеуінен
елдегі экономикалық көрсеткіштер жақса-
руы мүмкін
8 а) Жақсы жұмысқа тұру үшін ағылшын
тілін үйрену керек
б) Менің ағам ағылшын тілін үйреніп алды,
одан кейін ағама жақсы жұмыс ұсынды
9 а) Менің ойымша, ол жақсы дәрігер бола
алатындай биологияны жақсы білмейді.
б) Ол биология пәні бойынша өте жақсы
дайындалды, сол себепті экзаменді беске
тапсырды.