Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет58/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   138
Байланысты:
3a7589a2bc2e406390b1fca8e62cb8fa

Ақпараттық-танымдық баспасөз, телевизия, радио, кино адамдардың қызықты құбылыстар мен қоғамда болып жатқан оқиға-
лар туралы басқа да деректер мен ақпаратты алу қажеттіліктеріне бағытталады. 
• 
Нормативтік – бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен қоғамдағы тәртіп нормалары мен үлгілері насихатталады, құндылықтар 
жүйесі бекітіледі, демек БАҚ адамдардың өміріндеі қоғамдық маңызды реттеуші қызметін атқарады деуге болады.
• 
Интегративтік – бұқаралық ақпарат құралдары көптеген адамдарды бір идея төңірегіне топтастырады, адамдардың бойында 
жалпы көзқарасты, позицияны, қандай да бір оқиғаға баға беруді қалыптастырады, қоғамда психологиялық тонус қалыптастырады. 
• 
Көңіл көтеру-компенсаторлық – теледидар, кино көру немесе газет-журнал парақтау кешкі уақытта жұмыстан кейін немесе 
сабақтан келгенде дем алуға көмектеседі. Эмоционалды фонды өзгертіп, шынайы өмірде жетпей жататын әсерлерді, сезімдерді
алуға болады. Бұл функция жасөспірімдер үшін өте маңызды.
• 
Фондық – радио, телевизия көптеген адамдарды жалғыздықтан құтқарады.


4.3.4. ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ГАДЖЕТТЕР
Қазіргі заман балалары мен жасөспірімдер ұялы телефон, смартфон, планшеттердің белсенді қолданушыларына жатады. Соңғы 
жылдары смартфондардың мүмкіндіктері мен сапасы артқаннан кейін, Интернет қолжетімді болғаннан кейін, смартфон қолданушылары 
да «жасарып кетті». Балалар мен жасөспірімдердің көп бөлігі жаңа технология мүмкіндіктерін жақсы игерген. 
Ғаламтор-клубы
Үйдегі компьютер арқылы
Телефон арқылы
Ғаламторға қалай кіресіз?
0%
20%
40%
60%
80%
100%
7%
40%
95%
Қырғызстандық әріптестер жүргізген 
сауалнама бойынша 95 % оқушылар 
ұлды телефонды ақпарат алудың 
басты құралы ретінде көрсеткен. Ал 
дәл осы мақсатта компьютерді тек 40 
% оқушылар қолданатыны анықтал-
ды. Қорыта келе, жастар арасында 
интернеттің кең тарағандығын айтуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет