9% 8% 54% Қырғызстандық әріптестеріміздің
жүргізген сауалнамасы бойынша
80 % респонденттер әлемде болып
жатқандар туралы ақпаратты интер-
неттен алатындығын, 8% радиодан,
54 % телеарналардан алатындығын
айтқан. Сауалнама нәтижесі бойын-
ша Қырғызстандық жоғарғы сынып
оқушылары ақпаратты әр түрлі жаңа-
лықтар сайттарынан алатындығын
байқауға болады.
Зерттеушілер бұқаралық ақпарат
құралдарының тәрбиелік мақсаттағы
мынандай функцияларын (қызмет-
терін) қарастырады:
БАҚ ҚЫЗМЕТІ Рекреативтік Релаксациялық Ақпараттық -танымдық Нормативтік Интегративтік Көңіл көтеру- компенсаторлық Фондық Ақпараттық технологиялардың адамға әсері әлі толық
зерттеліп болған жоқ. Соңғы он жылда көптеген зерт-
теушілер теледидардың жасөспірімдерге ықпалына
(әсеріне) назар аударып жүр. Теле және видеоөнімдер
адамды сендірудің немесе нақты бір көзқарас таңудың
әртүрлі әсерлі тәсілдері арқылы (дыбыс, музыка, су-
рет, кумирлер, әртістер, жастардың слогандары және
т.б.) баурап алады. Ересектермен салыстырғанда, ба-
лалар қайсының «жаман», қайсының «жақсы» ақпарат
екенін ажырата алмайды. Көптеген арналардан толас-
сыз көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылық көріністері ба-
лалардың өмірді қатігез деп қабылдауына алып келіп
соқтырады. Жасөспірімдердің психикасы тұрақсыз. Сондықтан, ол бағдарламалардан көрсетіліп жатқан оқиғаларға объективті
баға бере алмайды. Жас бала экран кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін қайталайды. Кейіпкерлерге қарап қызығушылықтарын, иде-
алдарын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, көзқарасын, құндылықтарын қалыптастырады.
76 77 ҚАЗІРГІ ЗАМАН БАЛАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БАЛАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ •
Релаксациялық – адамның өзін жапажан жалғыз сезінуін тоқтатуға көмектеседі, ортамен байланыста туындаған қиындықтардан
ойды басқаға аударуға көмектеседі.
•