Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

 
ӘОЖ: 001:94(574)(045) 
 
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
Бекенжанова А.А., аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. Мақалада Әл-Фараби еңбектерінің әлемдік өркениеттің, ғылымның, 
әлемдік философияның дамуына ықпалы, орта ғасыр кезеңінде Әл-Фарабидің 
философиялық жүйелі ойлары ғылым тарихында, логика, музыка теориясы, астрология, 
теоретикалық медицина, математика, мемлекет іліміне қатысты еңбектері, әр түрлі 
тарихи кезеңдерден күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпай мұраларының зерттелуі, 
насихатталуы қарастырылған. 
Түйінді сөздер: ойшыл, философиялық трактаттар, рухани мұра, өркениет, 
еңбектер, тұжырымдар, насихаттау, зерттеу 
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, 
философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен 
сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің 
шығармашылық мұрасы орасан зор (150 астам жуық философиялық және ғылыми 
трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат 
пен этика, музыка мен астрономия, ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес 
қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдыраған. Оның айтқан теориялық 
тұжырымдары дүние жүзі халықтарының қоғамдық-философиялық ойларына ықпал 
етті деп айтуға болады.
Қазіргі кезде әл-Фарабидің мұраларына қызығушылық тек қана біздің елде емес, 
әлемдік деңгейде өте үлкен қызығушылық танытып отыр. Себебі ол кісінің жазған 
еңбектері әсіресе жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша әлемдік өркениеттің, 
ғылымның, 
әлемдік 
философияның 
дамуына 
үлкен 
ықпалы 
болған. 
Бұл кісідей бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде....дәл Әл-
Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес 
қосқан......аса ірі жаңалық, ашқан ғалымдарды табу қиын. 
Ғалымдар Әл-Фараби өмірі мен шығармаларын орта ғасырларда араб, парсы 
және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы біле алады. Захр ад-Дин, Әбу-әл-Хасан 
әл-Байхаки. Әл-Байхаки кітабында Шығыстан шыққан дәрігерлер, астрономдар, 


34 
фәлсапашылардың өмірі мен еңбектерін әңгімелейді. Әл-Байхаки кітабында Әл-Фараби 
жайлы да тарау бар, онда ғалымның өмірінің түрлі кезеңдері мен шығармашылығы 
туралы мәліметтер береді. Ибн Саид Әл-Кифти Әл-Фараби өміріне байланысты 
еңбектерінде ерекше баға беріп, ғылымға қосқан жаңалығын айтқан.
Сонымен бірге 
ішінде араб-парсы тілдерінде жазған Ибн әл-Надим, Хаджи Халифа. 
Әбу Наср әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген авторлар өздерінің ой-
пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли бн Сина (980-1037), тарихшы 
ғалымдардан Захируддн әл-Байхакий (1169 жылы қайтыс болған), Жамолуддин ибн әл-
Кифтий (1172-1248), Ибн Әби Усайбиа (1203-1270), Ибн Халликон (1211-1282) сияқты 
атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби жөнінде 
кейбір мәліметтер беріп келген [1,159].
Аты әлемге белгілі Әл-Фарабидің еңбектерінен нәр алмаған, сусындамаған 
ғалым жоқ деп айтуға болады. Орта ғасыр кезеңінде әсіресе Әл-Фараби өзінің 
философиялық жүйелі ойларымен, ғылым тарихында, логика, музыка теориясы, 
астрология, теоретикалық медицина, математика, мемлекет іліміне қатысты өзінің 
жарқын ойларын таныта отырып, әлемдік ғылымға өзіндік ізін қалдырды. Оның ойлары 
ибн Сина және ибн Рушд сияқты кейінгі философтармен жалғастырылып, Спиноза 
философиясына және ол арқылы француз философиясына айтарлықтай өз ықпалын 
тигізді. Демек, әл-Фараби философиясы тек Орта және Таяу Шығыстағы әлеуметтік-
философиялық идеялардың дамуына әсер етіп қоймай, Батыс Еуропаға да өз ықпалын 
тигізді деп айта аламыз.
Белгілі философ Ибн Бадж (XI ғ. аяғы – 1138 ж.) Әл-Фарабидің бірсыпыра 
идеяларын дамытты. Батыс Еуропа ортағасырының ірі ойшылдары Р. Бэкон, Д. Скот 
өздерінің теориялық шығармаларында Әл-Фараби еңбектерін қолданды. Спинозаның 
кейбір трактаттарында құрылымы мен бағытына қарай әл-Фараби еңбектеріне 
жақындық сезіледі. Олардың ішіндегі ең ұқсасы әл-Фараби мен Спинозаның 
әлеуметтік-саяси концепциялары жөніндегі ойлары. Мысалы, бақытқа жетудің 
жолдары, мақсаты, мемлекетті басқарудың формасы мен функциясы т.б. Спиноза әл-
Фараби секілді өзінің қоғам туралы ілімін адамның «шынайы» табиғатынан шығарады, 
мемлекеттің мақсаты әрбір адамды ақылмен басқарып, бақыт пен бостандық сыйлау 
дейді. Сондықтан да арабтілді ортағасырлық философия көне гректік философияның 
алғашқы мұрасы ретінде шығармашылық жағынан дамытып, жаңа деңгейлерге көтерді. 
Әл-Фараби Шығыс пен Еуропа мәдениеттерін байланыстырушы «көпірге» айналды.
Әл-Фараби есімі көптеген Еуропа елдеріне ертеден танымал болып, ХII-ХIII ғғ. 
өзінде-ақ оның философиялық трактаттары ежелгі еврей және латын тілдеріне 
аударылды. Бірақ әл-Фараби мұрасын жүйелі әрі нақты зерттеу оның трактаттарының 
мәтіні мен аудармаларын басып шығарумен қатар, зерттеу жұмыстары ХVIII-XIX ғғ. 
ортасында шыға бастады. Ортағасырлық Еуропа классикалық ежелгі грек 
философиясымен көп жағдайда Әл-Фараби еңбектері арқылы танысты. Мәселен, XII ғ. 
кезінде оның «Ғылымдар классификациясы» деген еңбегі латын тіліне екі рет 
аударылды. «Сананың мәні туралы», «Сұрақтар негізі», «Бақыт жолы туралы» және 
логикаға байланысты трактаттары мен басқа да еңбектері XII ғ. бастап XVII ғ. дейін 
латын тіліне бірнеше рет аударылды. 
Роджер Бэкон, атақты Әбу Әли ибн Сина (980-1037) және басқалар Әл-
Фарабидің “Энциклопедиясының” тікелей әсерімен өздерінің белгілі энциклопедиялық 
еңбектерін жазған. 
Еуропа ғалымдарын да ұлы ғұламаның өмірі мен еңбектері 
қызықтырған, атап айтқанда Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи, Спиноза, т.б. неміс 
ғалымдары. 
XІX ғ. орта тұсынан бастап Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы 
көптегеен Европа ғалымдарының назарын ерекше назарын аудара бастады. Әл-Фараби 


35 
ілімімен жақсы таныс болған, одан көп үйренген Маймонид (1135-1204), Роджер Бэкон 
(1214-1294), Леонардо да Винчи (1452-1519), Спиноза (1632-1677), тағы басқа да 
көптеген Батыс Европа ғалымдары Отырар перзентінің өмірі мен еңбектерін арнайы 
зерттеген [2, 19]
Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидің аса 
үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне 
аударған. Мұның өзі Әл-Фараби мұрасын іздестіру, аудару, бастыру, зерттеуде шетел 
ғалымдарының да айтарлықтай еңбек сіңіріп отырғанының айғағы болса керек
[2, 20]
 
Әл-Фарабидің фәлсафалық, математикалық, саяси-әлеуметтік, логикалық және 
поэзиялық еңбектері орыс, қазақ, өзбек тілдерінде жарық көрді. Әл-Фараби мұрасын 
зерттеу ісіне В.В.Бартольд, Е.Э.Бертельс, Б.Гафуров, С.Григорьян, В.Зубов, П.Иванов, 
А.Сагадаев, Ю.Завадовский қатысты 
XX 
ғ. 
басынан 
бастап, 
ортағасырлық 
араб 
философтарының 
шығармашылығының зерттеуге арналған ғылыми еңбектер пайда бола бастады. Фараби 
философисының бай мазмұнын ашуға ат салысқан шетел ғалымдарының қатарына 
М.Штенншнейдер, Р.Хаммонд, М.Хартен, Р:Вальцер, Х.Тураба және т.б. жатқызуға 
болады. [3, 91] Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. 
Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл 
атқарды. 
Ресейде ХХ ғ. басында оқырман қауым әл-Фараби мен оның ғылымға қосқан 
үлесі туралы біршама жақсы білді: 1908-1913 жылдары Ресейде жарық көрген «Ф.А. 
Брокгауз бен И.А. Ефронның Еврей энциклопедиясында» әл-Фарабидің кейінгі дәуір 
философиясының дамуына ықпалы туралы толығырақ қамтылған мақала берілді.
Ғылыми мұрасын зерттеуді алғаш қолға алған совет ғалымдарының бірі академик В.В. 
Бартольд болды.
Әл-Фарабидің кеңестік ғылымға қайтып оралуы жөнінде айтатын болсақ, орыс 
тіліндегі «Еуропалық энциклопедияда» келтірілген материалдарға ХХ ғасырдың 
жетпісінші жылдарына дейін айтарлықтай назар аударылған жоқ. Бұл Кеңес 
Одағындағы гуманитарлық ғылымның дамуының бірқатар ерекшеліктеріне 
байланысты болды. Олардың ішінен жаңадан жасалған марксистік-лениндік ілімнің 
басымдықтарына академиялық пән ретінде философияның бағындырылуын атауға 
болады. Онда ислам философиясындағы араб-мұсылман ойшылдарының іліміне орын 
табылған жоқ. 
Әл-Фараби мұрасына бет бұру ұлтшылдықпен, космополитизммен және 
«басқаша ойлаудың» осындай көріністерімен күрес жөніндегі идеологиялық науқан 
бәсеңсігеннен кейін ғана мүмкін болды. Бұрынғысынша, «құдай іздеушілікпен» тығыз 
байланысты тақырыптар жетістікке үміттене алмады және теология тұрғысында 
мұсылман философтары еңбектері зерттеулерінің кеңестік академиялық институттарда 
мақұлдануы да екіталай еді. Кеңестік дәуір ғалымдары: Е.Э.Бертельс араб әдебиеті 
тарихын сөз ете отырып, орта ғасырда өмір сүрген арабтың атақты ақындары мен 
тарихшыларының еңбектерінде әл-Фараби үлкен ақын болған және оның көп өлеңдері 
бар деген болжамдарын баяндайды. С.Н.Григорян мен А.В.Сагадеев әл-Фараби 
философиясының тарихи қайнарын, оның философиясының маңызы мен мәнін, 
трактаттарының эстетикалық қырларын саралап, ғұламаның кейбір еңбектерін 
аударып, ғылыми жұртшылыққа таныстырады. М.Хайруллаевтің “Мировоззрение 
Фараби” атты монографиясы әл-Фараби философиясы турасында жазылған алғашқы 
ауқымды зерттеу еңбек деп атап көрсетіледі. 
Қазақстанда әл-Фараби мұраларын зерттеп, саралау ХХ ғасырдың ІІ 
жартысынан бері қарай жолға қойылды деп шамалауға болады. Әл-Фараби сынды ұлы 
ғұлама есімінің өз Отаны – қазақ топырағына қайта оралуына үлкен ғалым, академик 


36 
Ақжан Машанов орасан зор еңбек сіңірді. Ол 50 жылдан астам өмірін әл-Фараби 
бабамызды зерттеуге арнады. 
А.Машанов 1958 жылдан бастап Лондон, Каир, Париж, Берлин, Лиссабон, 
Бейрут т.б. қалалардың ең ірі кітапханаларына хат жазып, әл-Фарабидің шашырап 
жатқан мұраларын жинастырып, оның бірталай еңбегінің библиографиясын тауып 
алады. 1961 жылы әл-Машанидің республика Ғылым академиясы хабаршысының №5 
санында «Әл-Фараби және оның мұралары» деген алғашқы мақаласы шығады. Бұған 
дейін қазақ топырағында әл-Фараби туралы ешкім айтпаған еді. 1962 жылы «Білім 
және еңбек» журналының бірінші санында әл Машанидің әл-Фараби туралы мақаласы 
жарияланды. Онда төрткүл дүние түгел мойындаған әл-Фараби жайында түсiнiктеме 
берiлiп, оның қазақ топырағынан шыққан бiздiң бабамыз екендiгi бiрiншi рет айтылды. 
Бұл бүкiл әлем зиялыларының көзқарасында өзгерiс тудырған тосын жаңалық 
болатын.
Бабамыздың мұрасын іздетуді тоқтатпаған әл-Машани, әйгілі ғұлама Пто-
ломейдің арнайы карта жасап, Отырарды Әл-Фарабидің туған жері деп көрсетіп кеткен 
бұлтартпас дәлелін табады. Сөйтіп, «Әл-Фараби ұлы ғалымдар қатарында халықаралық 
тізімге кіргізілсін, оның 1100 жылдық мерейтойы КСРО-да, Отаны Қазақстанда 
тойлансын», деген ЮНЕСКО қаулысының қабылдануына көп еңбек етті. 
А.Машанов Республика Ғылым академиясының Президенттері Қ.Сәтбаевтың, 
кейіннен Ш.Есеновтің тікелей қолдауымен шет елдерден әл-Фараби еңбектерін 
алдыртып, оларды қазақ, орыс тілдеріне аудартып, бабамыздың философиялық, 
логикалық, саяси-әлеуметтік, математикалық, жаратылыстанушылық, музыкалық 
трактаттарын жеке-жеке кітап болып екі тілде басылып жарық көруінің басы-қасында 
жүрді. Осы кезеңде әл-Машанидың қаламынан ұлы бабамызға арналған «Әл-Фараби 
мұрасын зерттеу туралы», «Шығыстың Аристотелі», «Әл-Фараби еңбектерін қазақ 
тіліне аудару туралы», «Әл-Фараби», «Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары», 
«Әл-Фараби және Абай» сияқты көптеген кітаптары жарық көрді. 
Әл-Фараби мұраларын зерттеуге еліміздің атақты ғалымдары Ә.Марғұлан, 
А.Көбесов, Р.Бердібай, А.Қасымжанов, Ә.Дербісәлі, тағы басқалар да ат салысты.
Араб-мұсылман философиясымен шұғылданушы ғалымдар арасында зор рухани 
толғаныс туғызған оқиға Б.Г.Ғафуров пен А.Х.Қасымжановтың 1975 жылы Мәскеу 
қаласында орыс тілінде жарық көрген «Аль-Фараби в истории культуры» («Әл-Фараби 
мәдениет тарихында») кітабы болды. [3,91]. Сондай-ақ белгілі жазушы қоғам 
қайраткері Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романын қазақ 
оқырмандары үлкен ықыласпен қарсы алды. 
Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап
жүйелеп, зерттеп, ғылым игілігіне, ұлт мүддесіне жаратуда Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде 
әл-Фарабидің он томдық еңбектерінің жарыққа шығуы үлкен маңызға ие болды [4]. 
Әл-Фарабидің мұраларын зерттеп, оқырман қауымға таныстыруда көп еңбек 
сіңірген ғалым А.Көбесов және ұлы ойшылдың мұраларын зерделеу барысында Фараби 
аттас басқа да ғалымдардың бар екенін және олардың еңбектерін саралай келе “Әл-
Фараби эстетикасы” және “Қазақ даласының жұлдыздары” (І тарау) атты Әбу Насырға 
байланысты көлемді еңбек жазған белгілі арабтанушы-ғалым Ә.Дербісалі. Сондай-ақ. 
Ә.Әлімжанов, М.С.Бурабаев, А.Х.Қасымжанов, Н.Келімбетов, М.Мырзахметов және 
басқа да ғалымдар әл-Фараби мұраларын зерттеуді өз ғылыми жұмыстарына арқау етсе, 
Қ.Жарықбаев Әл-Фараби еңбектерінің библиографиясын жасады.
Екінші ұстаз, ұлы жерлесіміз әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейін маңызын 
жоғалтқан жоқ, мұраларының насихатталуы, зерттелуі және оның мемлекет басқару 
жөніндегі 
тұжырымдары, 
әлеуметтік-этикалық, 
саяси, 
философиялық, 
діни 


37 
көзқарастары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды. Қазіргі 
таңдағы жаһандану кезеңіндегі халықтар мен мәдениеттердің өзара бірлігі мен 
тұтастығына негізделген әл-Фараби идеяларының жүйесін толықтай зерттеу арқылы 
сол кезеңдегі қазақ даласындағы өркениетті насихаттау мен болашақ жас ұрпақтың 
жадында мәңгі сақтау болып табылады. Рухани жаңғыру — ұлт үшін маңызды. Ұлттың 
өткен өмірі мен философиясына мән беру — санаға сілкініс салып қана қоймай, 
болашағына да байыпты бағыт ұсынады. Бағыты мықты елдің ғана, болашағы баянды 
болады! Білім мен ғылымда озық ел ғана — көшбасшылардың қатарынан табылады 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Н.Келімбетов Ежелгі әдеби жәдігерліктер Алматы, 2005 
2.Дебісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995 
3.
Ж.Алтаев, Ж.Әмірқұлова Әл-Фараби және ислам философиясы. Оқу құралы, 
Алматы, 2012
4.Қазақ халқының философиялық мұрасы, 2 том, Астана, 2005 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет