Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

 
ӘОЖ: 1(09):17. (045) 
 
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ТРАКТАТТАРЫ
 
Табылдиева О. Д., т.ғ.к. 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Аңдатпа. Бұл мақалада ортағасырдағы араб философиясында «Екінші ұстаз» 
атанған Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», 
«Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөздерi» және «Азаматтық саясат» трактаттарындағы 
әлеуметтік ойлары қарастырылған. Қайырымды қала, мінсіз мемлекет, игілік, ізгілік, 
бақыт, әрбір адамның тіршілік етуі мен кемелділікке жетуі туралы ойшылдың 
философиялық пікірлері қамтылған. 
Түйінді сөздер: қайырымды қала, ізгілік, бақыт, даналық, мінсіз мемлекет 
Араб философиясының атасы атанған әл-Фараби өзінің саяси филосо-фиялық 
теориясында қайырымды басқаруды сақтау мен оны ұйымдастыру-дың тәсiлдерiн, қала 
тұрғындарына қайырымдылық пен игiлiктiң қалай келетiндiгiн және бұл нәтижеге 
қандай жолмен жетуге болатындығын «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары 
туралы», «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөздерi» және «Азаматтық саясат» 
трактаттарында кеңiрек баяндайды. 
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» – әл-Фарабидің 
негізгі еңбектерінің бірі. Ол 948 жылы Мысырда жазылды. 942 жылғы мәтіннің бірінші 
үлгісі «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» жеке шығарма ретінде танымал болды.
Әл-Фарабидің қайырымды және қайырымсыз қалалар туралы ілімі түп-
тамырымен Платон және Аристотельдің мінсіз мемлекет және мемлекет түрлері туралы 
ілімінен бастау алады. Платон өзінің «Мемлекет» деген шығармасында мінсіз қаланың 
құрылымы туралы ойын білдірген.
Платонның ойынша, мінсіз мемлекеттің негізгі қағидасы әділдік болса, Әл-
Фараби адам іскерлігі, тек дұрыс танудың көмегі арқылы қол жеткізуге болатын бақыт 
деп есептейді. Ойшыл қоғамды адамдық мүшесіне теңестіреді. «Қайырымды қала тірі 
ағзаның өмірін сақтау үшін барлық мүшелері бір-біріне көмектесетін сау тән тәріздес» 
дейді. 
Әл-Фараби Платон және Аристотель сияқты қалалардың класси-фикациясын 
жасайды. Ол мінсіз қаланы «адамның шынайы өмір сүруі, және оның өмірін сақтауы, 
тамаша заттарға қол жеткізуде адамдар бір-біріне көмектесетін қала» деп сипаттап, ол 
қаланың атауы «қайырымды қала» дейді. 


32 
Әл-Фарабидің қайырымды қаласында қауымдар көп. «Қайырымды қалада бес 
бөлім бар: аса лайықты тұлғалар – ораторлар, есепшілер, батырлар және байлар. Кейін 
дін қызметшілері. Байлар- ол қаладағы байлықты сатып алатындар, жер иеленушілер, 
малшылар, сатушылар және оған сәйкес келетіндер». Фараби бұл туралы былай дейді: 
«Әр адам өзінің табиғаты бойынша былай орналасқан, адам өзінің өмір сүруі және 
жоғары дамуға қол жеткізу үшін және жалғыз өзі қол жеткізе алмайтын көптеген 
заттарға және оның мұқтаждылығын ескере отырып қандайда бір затты бере алатын 
адамдар тобынан кейбір заттарға қажетсінеді» [1, 177 б]. Адамның табиғатынан көмекті 
қажетсініп, қоғам құруға бейілді екенін және қоғамның түрлері көптігін айтады. Себебі, 
әрбір адамның тіршілік етуі мен кемелділікке жетуі үшін қандайда болмасын қауым 
керек.
Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қайырымды қала 
деп түсіндіріледі. Сол сияқты қайырымды қала болса, қайырымды тұрғындар болады 
дейді. Қауым адамдары бір-біріне көмек көрсетулері арқылы ғана кемелділікке жетіп, 
тыныштығын сақтайды және үйлесімді өмір сүреді.
Ә-Фараби ізгілікті қоғамды қалай билеу керек, оның бөлшектері туралы, әділ 
билеудің әдістері мен билеушінің қабілеті, белгісі, негізгі шарттары жайлы 
пайымдайды. Қала бірлестігінің басшысы бойындағы қасиеттерімен өзгелерден кемелді 
болғандықтан жоғары тұрады және мәртебелі. Әл-Фараби: «қайырымды қала- сау әрі 
ешбір мінсіз адам мінезіне ұқсас. Адам өміріндегі жақсылық пен жамандық тәңірден 
болмай, адамның өзі таңдауға болатын жағдайда белсенді әрекет факторынан. 
Ұстамдылық жақсы қылық. Ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, 
одан 
жетіспеушілікке 
қарай 
ауытқып, 
мінез-құлқымызда 
ұстамдылықты 
қалыптастырғанша әрекеттену керек» [2, 133 б.]. 
Әл-Фараби үшін қайырымды қаланы кім және қанша уақыт басқарғаны маңызды 
емес. Оған қалай басқаратыны маңызды. «Әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне 
қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам 
өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз 
қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам 
бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты 
мiндеттердiң бiрiнен саналады.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп 
есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары 
болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз 
бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан 
сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады. Мұндай адам 
мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» дейді.
Әл-Фараби басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. 
Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-
әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі 
тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман 
қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, 
қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.
Осы еңбегiнде ол «Бақыт дегенiмiз – игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi 
және ең жетiлгенi. Артынан мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайларда адам 
бақытқа жете алмайды. Әрекетіміз дұрыс болуы үшін біздің соған баратын жолымыз 
қандай болуы керек екенін, ал ойдағыдай болуы үшін жанымыздың аффектісі қандай 
болуға тиіс екенін және жақсы ақыл-парастқа жету үшін ол парасат қандай болуға тиіс 
екенін анықтап алуға тиіспіз» [ 3, 168 б.] деп атап көрсетедi және әр адамның оған 
толық құқығы бар дейдi. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы 


33 
және негiзгi белгiсi-жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi, 
сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты.
Сондықтан әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен 
ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп 
тұжырымдайды.
Ізгілік - адамның басты құндылығы. «Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе: ізгі іс 
немесе мінезі түзулік. Екіншісі - ұят, үшіншісі - әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын 
бақыт табады»-, дейді Жүсіп Баласағұн. Сіздергеде қызметтеріңіз ізгі, бақытқа әкелсін.
 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әлемдік философиялық мұра. 4 т. А., 2005. 177-178 бб. 
2. Ақмамбетов Ғ. Философия және мәдениеттану. А., 1998. 132-133 бб. 
3. Әлеуметтік философия (хрестоматия) А., 1996. 168 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет