Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

ӘӨЖ 929(09) 045 
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА ФИЛОСОФЫ – ӘЛ-ФАРАБИ 
Серикбаева А.К., аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен білімнің өркендеуіне
қосқан 
еңбектері толықтай келтірілген.
Мақалада
энциклопедист-ғалымның әлеуметтік-
этикалық мәселелерді қозғайтын ой-толғаныстары, философиялық өлеңдері 
қарастырылған. 
Түйінді сөздер: гуманист, ойшыл, философия, ағартушы, ұстаз, ғұлама. 
Ежелден-ақ Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы 
дерлік бертін келе қазақ халқының этностық қүрамына енгені көне тарихтан жақсы 
мәлім. Алайда „әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жасанды әрекет болады. Ол 
заманда ұлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді. Сол сияқты оны өзбек 
деп кесіп айту да әділеттік бола қояр ма екен. Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-
Фараби кейін қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан шыққан дей 
аламыз». 
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше қүштар болып өскен әл-
Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз 
заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаскі, 
Каир, т. б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы 
шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергерлерімен 
танысады. Олардан тәлім- тәрбие алады. 
Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит 
тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің 
рухани- ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды. 
Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым 
саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, тіл білімі, әдебиет 
теориясы, т. б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда 
оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып 
қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы 
ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. 
Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек 
десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. 
Ұлы ғалымның үшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі 
ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады. Әйтсе де осы қырық 


47 
шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, 
ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді. 
Әрине, Әбу Насыр әл-Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотелі» 
атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, 
Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен 
түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек 
философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор рөл 
атқарады. 
Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-
маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», 
«Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика’, «Риторика», «Софистика» т. б.) 
сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты. 
Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын 
туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала 
түрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», 
«Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» деген сияқты 
еңбектерінің мәні ерекше зор. 
Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, 
табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат 
қоғамындағы барлық мәселелерді шешуге қабілетті ең басты күш — ақыл-парасат деп 
біледі. 
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды, қала түрғындарының көзқарастары» атты 
кітабында бірқатар қоғамдық - әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы 
қала деп отырғаны — мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, 
ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала 
әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл 
қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т. б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға 
салады. Ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. 
Ал, жақсы әкім — әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны 
құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам 
болуы тиіс. Фараби мемлекег басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды. 
Сонымен, Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін- еркін, азат өмір сүретін, 
қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін - бірі құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде 
суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде 
деп білді. Фараби ұлы гуманист ретінде феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ 
пен тәж үшін болған қантөгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, 
білімге, бейбіт өмірге деген қүқығын қорғауға әрекет жасады. 
Әл-Фарабидің философия, логика, тіл білімі, музыка т. б. ғылым салалары 
бойынша жазылған еңбектерін оқып білудің өзі ұлы ғалымның әдебиет теориясы 
мәселесіне арналған трактаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 
Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан - жақты шұғылданған ғалым. 
Әдебиет теориясы бойынша бірқатар келелі еңбектер жазғанын ғалым 
шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Мәселен, орта ғасырда өмір 
сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбаның (1203—1270) айтуы бойынша, әл-Фарабидің 
өлең қүрылысын зерттеуге арналған «Қалом фи ашшеьер ва ал-қавофий» («Өлең және 
ұйқас туралы сөз») деген шығармасы болған. Әл-Фараби дәурінде және одан кейінірек 
өмір сүрген бірқатар әдебиетшілер бұл еңбекті поэзия табиғатын зерттеуде теңдесі жоқ 
туынды деп жоғары бағалағаны мәлім. Өкінішке орай, ұлы ғалымның бұл шығармасы 
әзірше табылған жоқ. Сондай-ақ, Фараби еңбектерінің тізімінде оның «Өлең ырғағы 


48 
туралы», «ЬІрғақ пен өлең туралы сөз» және «Поэзия өнерінің негіздері туралы 
трактат» деп аталатын зерттеулері болғаны көрсетіледі. 
Соңғы жылдары әл-Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды 
бір шығармасы Братислава (Чехославакия) университетінің кітапханасынан табылды. 
Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек «Китаб ашшеьер» («Өлең кітабы») деп аталады. 
Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер 
жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А. Ирисов болды. 
Әл-Фарабидің «Өлең кітабы» көлем жағынан шағын ғана туынды, оны тіпті 
кітап емес, мақала деп атаған жөн шығар. Мүмкін мұның өзі алғашта көлемді шығарма 
күйінде жазылған болуы да ықтимал. Кейінірек белгілі бір себептер әсерімен кітап 
көлемі әдейі қысқартылып, бізге тек тезис күйінде жеткен болуы да ғажап емес. 
Фарабидің бұл зерттеуі жеке кітап күйінде сақталмаған. Ұлы ғалымның он екі 
бөлімнен түратын логика саласындағы кітабының ішіне қосылып, сонымен бірге 
түптелген екен. 
Фараби өзінің «Өлең кітабын» мынадай сөздермен бастайды: «Біз поэзиясымен 
хабардар болған көптеген халықтарға қарағанда арабтар өз поэзиясында бәйіттің соңғы 
жағына көбірек мән береді. Сол үшін де араб бәйіттері белгілі бір өлшемдігі шектелген 
сөздермен толықтырылады әрі көркемделеді, мүның өзі оларда сирек қолданылатын 
яки көпшілікке мәшһүр болған сөздерді пайдалану арқылы іске асады. Жоғарыда 
аталған бәйіттердегі сөздерден туындайтын мән-мағына осы әңгіме болып отырған 
нәрсе мен оқиғаларға үқсайтын еліктеу болуы керек. 
Мұндай жағдайда қолданылатын сөз тіркестері ырғақты, белгілі бір бөлшектерге 
жіктелген болуы керек, тіпті ондағы әрбір ритм, ырғақ, буын, бунақ саны да шектеліп 
түруы шарт. 
Өлеңнің әрбір ритмінде қолданылатын сөз бөлшектері тәртібінің де өзіне 
лайықты шекарасы болады. 
Өлең шумағының әрбір буын бунағындағы ритм тәртібі мен өзге шумақтағы 
тәртіп өзара үндесіп жатуы керек. Міне, осы жоғарыда айтылған шарттардың 
орындалуы нәтижесінде, өлеңнің әрбір құрамдас бөлігі оқылған кезде өзара бір 
мезгілде оқылады. Әрі біркелкі болып шығады. Әрбір ырғақта қолданылатын бәйіт 
сөздерінің де белгілі бір тәртібі, шекарасы бар. Мұнда бәйіт сөздерінің соңғы жағы да 
шектелген. Не дыбыстар дәл өзіндегідей яки оны дауыстап оқығанда тең келетін сөздер 
болуы керек. 
Бәйіттегі сөздер де әңгіме не туралы айтылып жатқан болса, соған ұқсас етіп, бейнелі 
түрде айтылуы тиіс. Сонымен бірге бәйіттердің бір-біріне үндес болуы да талап етіледі. 
…Алайда грек шайыры Хомердің (Гомер — Н. К.) етістік қолдануына қарасақ, ол өз 
жырларында өлең жолдарындағы соңғы сөздердің сәйкес келуіне мән бермейді…» 
Фараби осы еңбегінде «бәйіт сөздерінің соңғы жағы да шектелген» деген пікір 
айтқан. Оның мәнісі: өлеңнің соңғы бірінші тармақта қалай келген болса, екіншісінде 
де солай келуі керек деп түсіну қажет. Бұл арада Фараби өзара ұйқасатын сөздер 
туралы әңгіме қозғап отырған сияқты. Өйткені мұндай жағдайда тармақ соңындағы 
әріптер, дыбыстар ұдайы бірдей болып келеді, әсіресе соңғы буындар солай болады. 
Сонымен бірге, Фараби «бәйіттегі сөздер де әңгіме не туралы айтылып жатқан 
болса, соған ұқсас етіп бейнелі түрде айтылуы тиіс» дейді. Орта ғасыр философтары та- 
биғаттағы әрбір құбылыстың әсері қоғамдық өмірде де сол күйінде қайталанып, өз 
көрінісін тауып отырады деп түсінген. Сондықтан табиғат пен қоғамдық өмірдегі құбы- 
лыстарды жырлаушы ақындар оларды «Табиғатқа еліктеу- ші“ деп атаған. Алайда бұл 
арада Фараби көркем сөз өнеріндегі ұқсату-теңеу жөнінде айтып отыр. Демек, сол 
өмірдегі әрбір оқиға тек теңеу жолымен, образ арқылы ғана оқырманға жетеді деген 
пікірді меңзеп айтып отыр. 


49 
Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Өлең кітабында» поэзияның бірқатар теориялық 
мәселелеріне — өлеңнің композициялық құрылысына, шумағына, өлшеміне, ұйқасына, 
т. б. шолу жасай келіп, жырдың барлық компоненттері ақынның айтайын деп отырған 
ой жүйесіне лайық, орынды болу керек деген түйін жасайды. Жақсы өлеңде қашанда 
басы артық, оғаш түрған шумақ, тармақ болмайтынын ескертеді. 
«Өлең кітабында» автордың айтпақ болған басты пікірі — өлеңнің ішкі мән-
мағынасы мен сыртқы тұлғасы өзара қабысып, логикалық түрғыдан үндесіп түруы тиіс. 
Поэзиялық туындының әрбір буыны, бунағы, ұйқасы, үні, өлшемі т. б. бір-бірімен 
үндесіп, дәлме-дәл келіп жатқанда ғана ол оқырманның ойынан шығады. Дарынды 
шайыр құдды шебер ұста секілді. Қарапайым сөздердің өзінен-ақ таңғажайып өрнектер 
жасайды. 
Фарабидің әдеби мұрасын игеруде оның кейінгі кезде табылған „Өлең кітабын» жан-
жақты зерттеп, оқып-үйренудің мәні зор. 
Әл-Фарабидің өлең табиғатын терең зерттеуші ғүлама- ғалым ретінде танытатын 
шығармаларының бірі — «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» болып 
табылады” . Мұны Лондондағы үнді диуаны (Хиндиан офис) кітапханасынан белгілі 
Шығыстанушы ғалым Артур Арберри 1937 жылы тапқан болатын. Бұл зерттеу 
Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің ықпалымен жазылғаны мәлім. Әрине, 
«Поэтикада» сөз болатын көне грек әдебиетінің жанрларымен, терминдерімен, өлең 
өлшемдерімен т. б. жақсы таныс болмаған адамға Фараби трактатын бірден түсініп оқу 
қиын. Сол үшін біз өлең өнерінің қағиадаларына арналған зерттеудің кейбір түстарына 
өзімізше түсінік бере кетуді жөн көрдік. 
Әл-Фараби өзінің «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деген еңбегінде 
ұстазы Аристотельдің «Поэтика» атты зерттеуіне сілтеме жасай отырып, өлең жазудағы 
ақындық шеберлік пен өнер жайында ғылыми ой-пікірлер айтады. 
Фараби поэзияда екі түрлі құбылыс бар деп біледі. Олардың бірі — софистика, 
ел екіншісі — еліктеу. Ғалым бұл екеуі төркіндес емес, қайта олар бір-біріне қайшы 
келетін ұғымдар, екеуінің мүддесі де екі түрлі екенін ерекше атап көрсетеді: „Софист 
тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, 
сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды, ал оған қарама-қарсы 
еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын 
тигізеді». 
Фарабидің ақындық ой қорыту, өлең өлшемі мен мазмүны жайындағы пікірлерін 
айқынырақ аңғару үшін трактатты одан әрі оқи түсейік: «Ақындық түйіндеуді 
өлшеміне, яки мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау әуенділікке 
немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың 
деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау, тап басып болжау, 
поэзияны талдаушының, поэтикалық мәнді зерттеушінің, әртүрлі халық поэзиясы мен 
оның әрбір мектебін білетіндердің харекетіне кіреді» . 
Міне, Фараби осы жәйттерді айта келіп, ежелгі араб және парсы өлең-жырларын 
зерттеушілер бұл халықтардың поэзиясын сатира, поэтика, айтыс, комедия, газель, 
жұмбақ, тағы басқаларға бөлетінін ескертеді. Сонымен бірге Фараби өзі өмір сүріп 
отырған дәуірде және көне заманда көптеген халықтардың шайырлары фабула мен 
өлшем арасына шек қоймағанына оқырман назарын аударады. Поэзиядағы мүндай 
жағдайдан тек ежелгі гректер ғана тыс тұр деп көрсетеді. Өйткені гректер әрбір 
ақындык, тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. 
Сөйтіп, әл-Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды, олар: 
трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, 
ам- фигеноссос (космогония), акустика. 


50 
Әрине, бул айтылған өлең формалары бүгінгі әдебиетке әбден орныққан әдеби 
жанрларға айналғаны мәлім. Алайда Фарабидің айтуы бойынша, кезінде мүның бәрі 
өлеңнің түр-тұлғасы қызметін атқарған. 
Фараби грек поэзиясына тән осы өлең түрлерінің әрқайсысына өзінше анықтама 
береді: „Трагедия дегеніміз арнайы өлшемі бар, бәріне тыңдаушыға һәм айтушыға да 
ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар: онда 
билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Орындаушылар әдетте оны 
патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның 
орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды 
Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» атты осы шығармасында Фараби 
ақындарды үш топқа бөліп қарастырады, әрі әрбір топқа өзінше сипаттама береді. 
Бірінші топқа Фараби табиғи дарыны мол, тамаша теңеулер табуға мейілінше бейім, 
бірақ өлең өнерінің сын - сипатымен, яғни теориясымен онша таныс емес ақындарды 
жатқызады. Ал, енді екінші топтағылары — өлең өнерімен толық таныс ақындар, олар 
өлең жазу қағидасына да, бейнелеу құралдарын қолдануға да шебер болып келеді. 
Үшінші топтағылар — жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер деуге 
болады. Бұлардың әлі өзіндік жазу мәнері толық қалыптасқан емес. 
Сонымен Фараби біз әңгіме етіп отырған шығармасында ежелгі дәуірдегі араб, парсы 
және грек по- эзиясының тарихы, тақырыбы, композициялық қүрылы- сы, өлшемі, 
шумағы, ырғағы, тармағы, буыны, бунағы, үйқасы, түр-түлғасы, т. б. мәселелерін 
әдебиетші-ғалым ретінде жан-жақты зерттейді. 
Сондай-ақ, Әбу Насыр әл-Фараби — өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. 
Бұл жөнінде әл-Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген Шығыстың 
көрнекті ақындары, әдебиетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып 
қалдырған. Мәселен, белгілі араб тарихшылары Ибн Аби Усайба (1203—1270) және 
Ибн Халликон (121 1 —1282) өздерінің еңбектерінде әл- Фарабидің араб, парсы 
тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірген. 
Мұндай өлеңдерінің бірқатары бертінде жарық көрген әдеби жинақтарға 
енгізілген. Сол жырлардың бірінде мы-надай жыр жолдары бар (Біз баспахана 
мүмкіндігін ескеріп, парсы сөздерін қазіргі қазак, тілінде қоданылып жүрген 
әріптермен транскрипция жасадық): 
Әсрари уәжуд хам уә напухтә биманд, 
Уан гауһари бәс шәриф насуфтә биманд. 
Хәр кәс бәдәлили ақил чизий гүфтәәд Ан нүктәки әсіл бүд нагуфтә биманд. 
Мазмұны: „Барлық ой-сырларым шикі күйінде, түйінделмей, пісіп-жетілмей 
қалып барады. Бүл қымбат гауһар өңделмеген (тесілмеген) күйінде, кәдемізге 
жаратылмай қала берді. Жүрек сыры жайында әркім өз ақыл- парасаты жеткенше 
бірдеме айтқан болды. Әйтсе де айтылуға тиіс ең басты пікір — айтылмай, нүкте 
қойылмай қалып барады». 
Тағы бір өлең жолын мысалға келтірейік: 
Ей, ан ки шума пийру жәван дийдарид, 
Әзрәқ пушони ин кухән деварид. 
Тифли зи шумо дар бәри ма махбусаст Ура бәхалис химмәти бигумарид.
Мазмұны: «Ей, көзге көрінген қарттар мен жастар! Мына өмір қорғанының көк 
киімділері! Сіздердің бір балаңыз бізде сырқат болып жатыр. Сіздер оның науқасынан 
сауығып кетуіне жәрдем беріңіздер, демеу болыңыздар”. 
Кезінде араб тарихшылары Ибн Халликон жазып қалдырған Фараби бәйіттерінің 
бірнеше шумағын жолма- жол аударып беруді жөн көрдік: Бауырым, сен теріс жолға 
түскен жандарға ерме, Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол. Бұл дүние — 
біз мәңгі түратын мекен-жай емес, Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады. 


51 
Адамдар әлде құмға түскен із бе екен? 
Біз соншалықты дәрменсіз болғанымыз ба? 
Бір рет самал соқса-ақ бәріміз, 
Мына өмірден үшті-күйді жоғалып кетеміз бе? 
Адамға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген, 
Сол қас қағымдай сәттің өзін көп көріп, 
Адамдар бірін-бірі жегідей жейді, 
Бірін-бірі азапқа салып қинайды. 
Түкке түрғысыз атақ-даңкқа таласып, 
Қашанға дейін бір-бірімізді азаптай береміз? 
Одан гөрі көк-тәңірісіне жалбарынып, 
Өліп кеткеніміз жақсы емес пе? 
Сөйтіп, ақыл-парасат пен оқу-ағарту ісінің жалынды күрескері болған Фараби 
зорлық-зомбылық атаулыға барынша қарсы шықты. Осы идеяны өз жырларына арқау 
етті. Ақынның гуманистік түрғыдан айтылған ой-пікірлері бүгінгі оқырмандарды да 
таңдандырып, сүйсіндіреді. 
Орта ғасырда өмір сүрген арабтың мәшһүр шайырлары мен тарихшыларының 
еңбектерінде әл-Фараби көп өлең жазған деген пікір айтылады. Белгілі шығыстанушы 
Е. Э. Бертельс те осындай қорытынды жасайды. Бірақ оның жырлары сақталмаған. 
Бізге Фарабидің бірнеше өлеңі ғана мәлім. 
Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы — өмірдің мән-мағынасы жайлы 
толғау, оқу мен білімді мадақтау бағыт-бағдарын, тынысын айқын сезінуге болады. 
Қашықтасың туған жер — қалың елім, 
Не бір жүйрік болдырып жарау деген. 
Шаршадым мен 
Қанатым талды менің 
Шаңыт жолға сарылып қарауменнен. 
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, 
Қасіреттің жасында көз жуынар. 
О, жаратқан, көп неткен ақымағың, 
Құм сықылды тез ысып, тез суынар. 
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, 
Әкімдікке күллісі жүгіреді. 
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, 
Жаным менің түршігіп, түңіледі. 
Қайтейін мен көкжиек көңілімді. 
Келен күнге үмітпен жол ашамын. 
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді, 
Соны медет етеді болашағым. 
Бір шөлмекте көк сия толып түрса, 
Екіншіде — шарап бар жайы мәлім. 
Даналықты сиямен толықтырсам, 
Шарабымен шерімнен айығамын. 
Әл-Фараби тағы бір өлеңінде бұл ғұмырдың мәңгі еместігін айта келіп, жастык, 
жүректің жалынын осы өмірдің игілікті істерін атқаруға жұмсау керектігін аңғартады. 
Бауырым, қанша сүйгенмен, 
Өтеді өмір күйбеңмен. 
Шындыққа бас тік алаулап, 
Пенделіктен бол аулақ. 
Жататын дәйім жаңғырып, 


52 
Бұл ғұмыр емес мәңгілік. 
Бейопа мына заманда, 
Бақұл боп кетер адам да. 
Жұрт кілең күнін көп қызық. 
Жіберер зая өткізіп. 
Қағаздың түсіп бетіне, 
Сызықтай бейне тартылған Тап болып, жігер сарқылған
Кездейсоқ өмір өтіне. 
Қайыспай тұрса нар түлғаң 
Сонда да беріп кетеміз, 
Жүректің отын молында Арманды аңсаң өтеміз
Біз ұлы мұрат жолында. 
Төмендегі өлең жолдары әл-Фарабидің ақындық түғырының да биік 
болғандығын толық дәлелдейді: 
Тамылжып бал тыныштық айналамнан, 
Тылсым түнге құшағын жайған далам. 
Мен жатырмын үйқысыз жапа-жалғыз, 
Жанымды ой жарығы аймалаған. 
Аққан жүлдыз құласа кейде егер, 
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып, 
Өміріме бір ғажап сәуле берер. 
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең, 
Сезініп мен деміңді гүл атқанмен, 
Оның өзі бір-ақ сәт… содан кейін, 
Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен… 
Тіршілікте құрыштай бол төзімді, 
Сан мәртебе алдаса да өзіңді. 
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма, 
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған. 
Өрге жүзген өнегелі ісімен, 
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. 
Жүргендер көп достық атын малданып, 
Алайда тек қалма оған алданып. 
(Аударған А. Нысаналин). 
Әрине, әл-Фараби өмір сүрген дәуірде үлкен ғалымдардың өлең де жазуы өзінше 
бір әдетке айналып кеткен салт, дәстүр болған. Мәселен, Фарабидің замандасы, ұлы 
ғалым, медицина ғылымының негізін қалаушылардың бірі Әбу Әли ибн Сина, 
энңиклопедист- ғалым Бируни, ұлы математик әл-Хорезми т. б. кезінде аз- ды-көпті 
өлең-жыр жазумен де айналысқан. Бірақ орта ғасырдың әдебиет зерттеушілері мен 
тарихшылары поэзия мәселесін сөз еткенде көбінесе дерлік әл-Фарабидің есімін 
қайталап отырады. Өкінішке орай, Фарабидің поэзиялық мұрасы біздің дәуірімізге 
дейін толық сақталмады. Әйтсе де саусақпен санарлықтай азғана жыр жолдарының 
өзінен оның зор шабытты, кең тынысты, терең ойлы, нәзік сезімді, дарынды ақын 
болғанын аңғару қиын емес. 
Сонымен, Махмүд Қашқари, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Беруни сияқты 
түркі тілдес халықтардан шыққан ғұламалардың еңбектері әлемдік мәдениетпен 
ғылымға қосылған сүбелі үлес болды. 
Түйіндеп айтқанда, Орта Азия мен қыпшақ даласы үшін X—XII ғасырлар 
қоғамдық-әлеуметтік, саяси тұрғыдан дамудың жаңа басқышы болып табылады. Бұл 


53 
кезеңде түркі тілдес халықтардың мәдениеті, әдебиеті, ғылымы едәуір өркендеп өсті. 
Әсіресе, түркі әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле түсті. Мұның өзі түркі ха- 
лықтарының, соның ішінде, қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, т. б. халықтардың этностық 
қүрамының қалыптаса бастауы мен олардың әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі рөлінің 
біртіндеп артуына байланысты болды 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. 
Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. — 
Алматы: Раритет, 2011. — 432 б. 
2. 
Қасымжанов А., Әлінов А. Әл-Фараби // Қазақ: Оқу құралы. — Алматы: 
Білім, 1994. — 176 б. 
3. 
Орынбеков М., Алтаев Ж. Әл-Фараби философиясы // Қазақ даласының 
ойшылдары (ІХ–ХІІ ғғ.). — Алматы: Ғылым, 1995. — 160 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет