Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет40/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

109-жаттығу. Драмалық шығарманың тыныс белгілеріне назар аударып
жұптаса оқып шығыңыздар. Қазақша киім үлгісі түрлерінің өзіндік 
ерекшеліктерін айтыңыздар.
Айсұлу (ауыз үйден келіп, айнаға барып, шашын, кимешегін түзетіп). Бәтіш-
әй! Әй, Бәтіш! 
Батима (төр үйден). Немене? 
Айсұлу. Менің киімдерімді алып берші, қажының тойына шақырып кетті 
ғой, барып келейін. 
Батима. Киімің абдырада, төрдегі үйге барып кисеңші. 
Айсұлу. Мен келгенше үйден шықпа. Біреу бірдеңені алып кетер, жалғыз 
отыруға қорықсаң, Биғашты шақыртып ал. Екеуің ойнап отыра тұр, мен де көп 
болмаспын. 
Батима. Апа-ау! Биғаш жасыл сәтеннен бір көйлек тіккізіпті, көрдің бе? 
Айсұлу. Қазақша мекен? Ноғайша мекен? 
Батима. Ноғайшадағы, осы күнде қазақшаны кім киюші еді? 
Айсұлу. Кім тігіпті? 
Батима. Мәдескеге тіккізіпті, бойға бір түрлі қонады. 
Айсұлу. Мәдеске тіккен соң, жаман бола ма? 
Батима (белін қысып). Белі денеге жабысып тұрады, етегі былайлау кең 
келген. (Омырауын көрсетіп.) Мынадан былай тағып тастаған, үлкен жасыл 
түйме, етегі келтелеу бір түрлі жарасады! 
Айсұлу. Тәйірі, орыстікіндей сылаңдаған бірдеңе де. 
Батима. Апау, осы ноғайлардың өзі орысша киіп жүрген жоқ па? Жаңа моды 
сол емес пе? 
Айсұлу. Етекті қымтауға келмеген соң не киім сәндігі бар? 
Батима. Ие, бәрібір, көк паплиннен сондай бір көйлек тіктіріп аламын. 
Айсұлу. Қоя тұр енді не болса соған әуес болмай. (Ж.Аймауытов «Сылаң қыз») 
 
110-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, нүктенің қойылуына назар 
аударыңыздар. Қалай сәлемдесу керектігіне мән беріп, оны есте сақтаңыздар. 
 
Сәлемдесу әдебі 
Әркім сәлемдесу міндетін ғана емес, сонымен қатар сәлемдесу әдебін білуі 
және өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға 
жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс. 
1. Сәлемдесудің әдеп тұрғысынан алғандағы ең басты шарты – жылы лебіз. 
2. Қабағын түнертіп, жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржиып, естілер-
естілмес сәлем беріп, міндетімнен құтылдым деу – ізеттілік емес, керісінше
кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылыққа жатады. 
3. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, 
жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, тәкаппарлық, парасатсыздық, 
көргенсіздік белгісі. («Әдептілік қағидалары» кітабынан) 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет