Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет98/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

233-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылуы мен қандай қызмет атқарып 
тұрғанын талдап айтып беріңіздер. 
Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз. Бірақ құр бай, 
таза деумен ғана тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай 
жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар 
көрші жұрттардың сөздері қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі 
бұрын ылғалсыз таза болса да бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, 
басқа жұрттардың оқуын оқыдық. 
Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдарда оқып 
қайтқандарымыз да бар. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет 
жұрттардың тілі аңқып тұр. Бұлар елге келіп жас балаларды оқытады. Сөйтіп, 
шет тілдер елдегі жас балаларға жұғады. Жас балалар – келешектегі бір буын 
халық. Бұрынғы қазақ арасына тарап жүрген қисса-хикаялардың бәрі ноғайша, 
арабша аралас тілмен жазылған. Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің 
біріне орысша қатынастыруды үйреніс қылып алған. Осыдан топшылауға 
болады, таза деген қазақ тілі де күн бұрын сақталуына қас қылмасақ – бірте-
бірте бұзылып кететіні. Қазақ тілінің мұндай жолмен бұзылып кетуін көбіміз 
сезбей де қаламыз. (М.Дулатұлы) 
234-жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағын құбылта, мәнерлеп оқып, тыныс 
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. Тазалық жөнінде өз ойларыңызды ары қарай 
өрбітіңіздер. 


116 
Міне, сонда тазалық!
Қандай болар тазалық,
Енді соны жазалық. 
Киім таза болғанмен, 
Жүректе болмай арамдық, 
Қоғамға қол сұқпаса – 
Міне, сонда тазалық! 
Шын тазалық – жүректе, 
Шын сұлулық – еңбекте. 
Көптің малын ұрлама. 
Ынтымақты болсаңдар, 
Сырттан жау кеп алар ма! 
Досыңа да адал бол, 
Сезімін сатып пұлдама – 
Міне, сонда тазалық! 
Ескі әдетті тастаңдар, 
Жаңа жолға бастаңдар – 
Міне, сонда тазалық! 
Қоғам мүлкін қорғаңдар, 
Сенімді бол бар жанға. 
Адал болса жүрегің –
Жұрт ілеспей қалар ма! 
Жауыңа да әділ бол – 
Міне, сонда тазалық. (К.Әзірбаев)
235-жаттығу. Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойыңыздар. 
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім 
Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып 
Үш арсыз үш ғайып үш жетім болады соны кім табады депті Жиылған 
халық көп дағдарып 
Үш арсыз ұйқы арсыз күлкі арсыз тамақ арсыз Үш ғайып қонақ ғайып 
несібе ғайып ажал ғайып деп шешіпті Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты 
Сонда Әз Жәнібек хан 
Елде келмеген кім қалды деп сұрапты 
Келмеген Қарабас шешен қалды депті халық Әз Жәнібек Қарабасты 
шақыртып алып әлгі сөздің шешуін сұрапты Сонда Қарабас 
Жетім үшеу емес бесеу еді ғой 
Оты жоқ жер жетім 
Басшысы жоқ ел жетім 
Елінен ауған ер жетім 
Тыңдаушысыз сөз жетім 
Жоқтаушысыз қыз жетім дейді Сонда Әз Жәнібек 
Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен Қарабас дегенше Алтынбас десе 
болмай ма деген екен (Шешендік сөздер) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет