Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет121/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Әбілғазы 1603 жылы Хиуа (бұрынғы Хорезм) хандығының 
орталығы Үргеніш қаласында осы иеліктің ханы Араб Мұхаммед 
ханның отбасында дүниеге келеді. Өз шежіресін Әбілғазы бахадүр 
былай таратады: «Әкеміздің аты Араб Мұхаммед хан, оның әкесі 
Хажымұхаммед хан, оның әкесі – Әмің хан, оның әкесі – Йадгар 
хан, оның әкесі – Теміршейх, оның әкесі – Хажытолы, оның әкесі – 
Арабшах, оның әкесі – Полат, оның әкесі – Меңку-темір хан, оның 
әкесі – Бадақұл, оның әкесі – Жошы, оның әкесі – Шыңғыс хан». Бір 
айта кететіні, Әбілғазының өзі ғұлама шежіреші болғандықтан, көп 
зерттеушілер оның пікіріне құлақ түреді. Бұл жерде өз ата-тегін 
Әбілғазы түгел келтірмей, арсынан тастап келтіріп отыр. Оның дәлдігі 
«Тауарих-и гузида-йи нусрат-намедегі» және басқа да танымал Жошы 
ұрпақтарының шежіресімен сәйкес келеді. Әбілғазы нағашы жұрты 
жағынан да Шыңғыс нәсілінен болғандықтан таза төре тұқымына 
жатады. «...Енді анамыз жағынан айталық. Анамыздың аты Меhрбану 
ханым, оның әкесі Жанғазы сұлтан, оның әкесі – Шерғазы сұлтан, 
оның әкесі – Сұлтанғазы сұлтан, оның әкесі – Жолбарыс хан, оның 
әкесі – Бүреке сұлтан, оның әкесі – Йадгар хан, осы жерден атамыз бен 
анамыздың аталары қосылады» [8, 182 б.]. Бұл туған жылы, дәлірек 
айтқанда бұл дүниеге келерден қырық күн бұрын, оның әкесі Араб 
Мұхаммед хан Үргенішке шабуылдаған орыс-казак әскерлерін жеңіп 
шыққан. Сондықтан атасы: «Мұның жолы мен қадамы құтты болды, 
бізге жеңіс әкелді және мұның анасының жамағатын ғазылар дейді, 
оның да орны бар деп, атымды Әбілғазы қойыпты» [8, 181 б.]. 
Бірақ анасынан алты жасында қалған Әбілғазы өгей шешесінің 
қолында тәрбиеленіп, әкесінің салдырған Арысхан медресесінде 
оқып, халық ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар, тарих, тіл, әскери 
өнер, мемлекет басқару ғылысдарын оқып-біліп, меңгеріп шығады. 
Он алты жасында әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты билігін 
оған береді. Алайда бір жыл өтер өтпестен Араб Мұхаммед ханның 
балалары арасында (оның Хабаш, Жолбарыс (Елбарыс), Спандияр, 
Әбілғазы, Шәріп Мұхаммед, Хорезмшах, Ауған атты алты баласы 
болды), билікке талас нәтижесінде, 1621 жылы бұл әкесімен және 
ағасы Спандиярмен бір жақ болып, ағалары Хабаш пен Жолбарысқа 
қарсы шайқасқанда, жас та болса ерлігімен көзге түсіп, ақырына дейін 
соғысып, жалғыз қашып құтылуға мәжбүр болған. Жеңімпаздар өз 
әкелерін үш күңімен және екі кіші ұлымен қосып құм қалада өлтірген. 
Спандияр Иранды, бұл Бұқара ханы Имамқұлыны паналайды. Бір 
жылдан кейін Спандияр сұлтан ата жұртты қайта алып, хан болды. 
Әкесі мен бауырларын өлтірген Жолбарыс сұлтанды да, Хабаш 
сұлтанды да өлтіртті. Осыдан кейін ол ұйғырлар мен наймандарды 


124 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет