Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет197/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін. Керісер болсақ,
Осы үшеуі маған жайсыз, сендерге жоқ! [12, 130–131 бб.]
Билер шығармашылығы үш жүздің басын біріктіріп, 
ынтымақтастырып, олардың арасында болатын дау-дамай, айтыс-
тартыстарды жаңжалсыз шешіп отырудың ұтымды түрлерін үлгі 
етуімен маңызды. Қазақтың үш биі үш жүздің ортақ даулы мәселесін 
шешіп, халықты біріктіруші рөл атқарып отырған. Сахарада билік 
құру өнерін дамытқан осы билердің ізімен Абай да би міндетін 
атқарған кездерінде оны жаңғырта отырып жетідіруге атсалысты. 
Алдымен Ұлы ойшыл қазақ қыздарының білімді болғанын қалады. 
Өзінің қара сөздерінде: «...қыздарды да ең болмаса мұсылман 
ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол 
жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар 
еді» – деп жазады [9, 110 б.]. Халқын алдыңғы қатарлы жұрттармен 
тең терезелі өркениетке жеткізуді көздеген Абай әйел еркіндігін де 
зерттеу көкжиегінен тыс қалдырмады. Дәстүрлі қазақ қоғамының 
әйел бостандығы мен теңдігі жөніндегі мәселе Кеңес өкіметі орнаған 
соң оңды шешімін тапқандай болды. Дегенмен қазақ әйелдері мен 
қыздарының мінез-құлықтарының еліктеушілік сипат алғанын 
жасыра алмаймыз. Егемен еліміздегі ұлтымыздың өркендеуі 
жолындағы басты мәселелердің бірі қыздардың тәрбиесі. Біздің 
зайырлы мемлекетімізде қыздарымыз сапалы білім алуға, жұмыс 
істеуге, өзіне жар таңдап отбасын құруға құқылы. Қазіргі кезде 
белең алып отырған қыз-келіншектерге тауар есебінде қарайтын 
көзқарастардың қалыптасуына өзіміз кінәліміз. Қазақ қыздары 
ықлым заманалардан бері намысын қорғай білген. Инабатты, ибалы 
кейпін сақтаған. 
Руханилық, адамгершілік мұраттар қазақ ділінің нағыз өзегі 
болып табылатын құндылықтарға жатады. Қазіргі кезеңде қазақ 
үшін жаңа сынақ келді. Өрелі, өркениетті ел болу үшін ынтымақ, 
бірлік, ағайыншылық, адамгершілік қадіріміз бен қасиетімізді, ата-
бабаларымыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді қазық 
етсек одан ұлтымыздың өркендеуі қарқындайды десек қателеспеген 
болар едік. Жастарымызға бала-бақшадан мектепке дейін, одан әрі 
жоғары мектептерде ақын-жырау, билер институттарының тәлімдік-
тәрбиелік мағынасы мол шығармашылығынан сусындауына 
мүмкіндіктер ашу кезек күттірмейтін шаралардың бірі болса керек. 
Руханилық пен мәдениеттің үйлесімділігі іс жүзіндегі махаббат. 
Руханилық әрқашанда адамдар арасындағы қарым-қатынастардың 
үйлесімділікте болуымен сипатталады.


200 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет