Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет233/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ұғымдар ретінде ауызға алады. Бұл Мұхаммед пайғамбардың «ұяты 
жоқ адамның иманы жоқ» деген сөзімен мәндес. 
Бұл жайлы Абай осы хадис шарифті мысалдай отырып, отыз 
алтыншы қара сөзінде былай дейді: «Біздің қазақтың өзінің мақалы 
да бар «ұят кімде болса иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді ұят 
өзі иманның бір мүшесі екен. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, 
я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Ұят деген 
– адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа 
салып сөгіс қылған қысымның аты» [4, 120 б.] деп, ұят сақтау арлылық 
имандылықтың басты белгісі деп біледі. Аштық кедейлік ар-ұятты 
жоғалтуға сылтау емес. Иманды күшейтсең, жалған намыс пен шын 
намысты, жалған ұят пен шын ұятты ажыратып тани аласың дейді. 
Қартайғанша мал деп, тіршілік қайғысымен ғана өтіп, жан 
алқымға таянғанда, өлім сағаты соққанда ғана жан дейтін адамның 
тойымсыздығын ақын сөге отырып:
«Уәліден кетті керемет, 
Патшадан кетті ғаделет
Ақыр заман таянды. 
Бұл асылық асқан заманда, 
Ұл туады атаменен егесіп
Қыз туады анаменен теңдесіп» [11, 138 б.] 
деп адамгершілік құндылықтардың бағасы жойылып, елдің азғын-
дауын ақырзаман белгісі ретінде жырлайды. Бұл жырлар дәл сол 
заманның ғана сипаты емес, болашақтағы адамдардың одан әрі азғын-
дауынан да хабар беретін болжау мәнді өлеңдер деуге де болады. 
«Кешкі тұрым болғанда
Құлан менен бұландай 
Үйде тұрмас ойқастап. 
Қыз-жігітте әдеп жоқ
Бұрынғының сөзінің 
Бір қатасы болсайшы!». 
Бұл өлеңдерін өткендегі болжаудың шындыққа айналған 
мысалы дейді. Осындай эсхатологиялық сарын айқын сезілетін 
болжал өлеңдер ақын шығармашылығында молынан кездеседі. 
«Заман, заман, замана 
Кейін келер заманда


 
237


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет