Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет232/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
ақылын, мінез-құлқын түзеуі шарт. Бірақ адамдардың «сөйлеген сөзі 
жалған, шайтаннан асы арам» дейді. «Кім мұсылман, кім кәпір бір 
Аллаға аян» дегенде, «мұсылман» сөзі белгілі бір дін өкілі ұғымынан 
гөрі имандылықтың атауы болып тұр. Адамның сыртқы түрі мен 
айтар сөзі имандылықтың белгісі емес. Адам пейілінің бұзылуын 
ақырзаманның белгісі ғана емес, негізгі себебі деп біледі. 
«Жалға жүрер жалшыдай жан қадірін білмедің» дегені 
айрықша астарлы ойды бейнелейді. Жалшының бөтеннің малын 
немкеттілікпен қарағанындай-ақ, өз жаныңның қадірін біліп, жан 
азығын іздемедің, жан қайғысын жемедің деп сөгеді. Шындығында, 
қамын ойлап, бүгіні мен ертеңін естен шығармайтын нағыз байлық 
аманат жан, адамның бұл дүниедегі ең басты мақсаты – осы Жанды 
көркейтіп, байыту. Жан үшін жалға жүргендей емес, ынта-ықыласпен 
қызмет жасап, жан иесіне құл болған жөн. Бірақ адамда, керісінше, 
жанын тәнге құлдыққа матап беру қаупі бар. Мұнафықтың, жалған 
сопы, діндардың сипатын былай ашады. 
«Ардан кешкен ұятсыз, 
Дінсізге қылар мұятты. 
Қолында тұрып ұрлығы, 
Мойында тұрып зорлығы, 
Ойында тұрып жалғаны, 
Көңілінде тұрып арманы, 
Баласын беріп Моллаға, 
Көңілін беріп Аллаға, 
Дүнияға көңіл жұбатты» [11, 132 б.]. 
Ұятсыздық имансыздықтың бірінші белгісі дей тұрып, ішкі 
ниет пиғылды түземей тұрып, дін уағыздап, құлқын қамы үшін 
көпті дінге шақырмақ болған жалған қожа-молданы сөгеді. Қолын 
ұрлыққа былғаса, зорлығын өткізіп күнәға батса, өзінің айтқан сөзіне 
өзі сенбесе, дүниені көксеген сан қилы арманы көкейінде тұрса, 
баласын молдаға оқуға берген болып аузына Алланы алғанмен, 
көңілін дүниемен ғана жұбатқан адамның екі жүзділігін ашады. 
О дүниенің азабы жайлы бұ дүниеде айтылған сөзге имансыз 
құлақ аспас, ал малды болсын, малсыз болсын, ғалымды да, залымды 
да, діндіні де, дінсізді де ғибрат үшін жаратқан бір иесі бар. Ол – бүкіл 
игілік иесі, сондықтан Құдайдың бермесін ала алмайсың. Сонымен 
қатар рахым шапағат иесі түгі жоқ жарлы бейшараға да берілген 
бұ дүниенің жарығынан артық бақыт жоқ. «Ашты-тоқты болсаң 
да ,Иманың сақта ұятты», – деген ақын иман мен ұятты барабар 


236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет