Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
білген Бабыр, аталған туындылармен қатар, парсы тілінде жазылған
«Волидия» атты еңбекті түркі тіліне сапалы аудара отырып,
аудармашылық қырынан да таныла білді. Бабыр жүйрік қаламгер
ретінде ғана емес, Үндістанда үш ғасырға жуық билік құрған
«Бабырлар империясының» (моғолдар) негізін қалаған мемлекет
қайраткері, полемология саласын жетік білген ержүрек қолбасшы
ретінде де әйгілі.
Джавахарлал Неру «Индияны ашу» деген кітабында Бабырды
«жылы жүзді, батыл, іскер жан, өнер мен әдебиетті бағалай
білген қайраткер» ретінде бағалап: «бұл кезде Индияда үлкен
игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мұның өзі өнер,
архитектура, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып
жіберген еді» – деп жазады [1].
Ең алдымен Бабыр лирикалық өлең-жырлардың авторы. Әлішер
Науаи оны өзінің ең дарынды шәкірттерінің бірі санаған. Ұстазы
екеуі бір-біріне өлеңмен хат жазысқан, бірақ екі ақын кездеспей,
армандап өткен. Бабырдың лирикасы сол кезеңде кең тараған шығыс
классикалық поэзиясының жанрларында – ғазал, рубаят, туйық,
маснави т. б. өлеңдер түрінде жазылған.
Ол өз жырларында шын мәніндегі махаббатты, табиғи сезімді,
адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлады. Туған жерден алысқа
кетуге мәжбүр болып, елін, Отанын сағынып жазған өлеңдері, өмір
мәні жайлы, халықты өнер-білімге шақырған еңбектері бар.
Бабырдың Отанына деген махаббаты шексіз, елге қайтып оралам
деген арманмен өмір сүрген.
Бөтен елде, жат жерде қаңғып жүрміз, Жемтік іздеп, жат жерде қаңғып жүрміз. Төбемізден сары алтын құйса дағы, Туған жерді сағынып, мәңгі жүрміз [2].
Джавахарлал Неру Бабырдың Үнді елінде өмір сүре жүріп,
солтүстіктің қары мен мұзын, еттен жасалған тағамдарын, Ферғана-
ның гүлдері мен жеміс-жидектерін сағынғанын, бірақ бәрібір
Үндістан керемет әдемі ел деп айтатынын жақсы атап көрсеткен.
Аллаға жүз мәрте «тәубе» дегін, Құдай саған сыйлады Үнді жерін. Ыстыққа шыдай алмай қиналғанда, Күтемін туған жердің салқын желін