Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет32/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
7 Қараңыз: Иванов В.П. Человеческая деятельность – познания искусства. 
– Киев. 1977. – 286 с. 
Нурланова К.Ш. Человек и мир. – Алматы, 1994. – 145 с.
9 Поэты пяти веков. – Алматы, 1993. - 236 с.
10 Төреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би-шешені. – Алматы, 1995. – 421 б. 
1.3 «Бабырнама» және этнофилософияның түркілік үрдістері
Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр – Орта ғасырдағы түркі әдебие-
тінің көрнекті өкілі, Орта Азия, Ауғаныстан, Үнді елдерінде кең 
ой-өрісімен, ақылымен ерекше із қалдырған көрнекті мемлекет 
қайраткері, даңқты қолбасшы, лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама 
ғалым, атақты тарихшы. Бабыр түркі тілдерімен қатар араб, парсы 
тілдерін жетік меңгерген, Шығыстың классикалық поэзиясынан еркін 
сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары, сәулетшілік 
және соғыс өнері бойынша білім алған. Әкесі әйгілі Әмір Темірдің 
туысы Омар Шейх қайтыс болғаннан кейін он екі жасында Ферғана 
уәлаятының әмірі етіп тағайындалады. Әмір Темірдің тарихта «Ақсақ 
Темір» деген қаһарлы атпен қалған әйгілі билеуші болғаны белгілі. 
Омар Шейх кенеттен қайтыс болғанда Бабыр 12 жасқа да толмаған 
еді. Мұрагерлік заңымен бір мүшелге толмай жатып, Ферғана тағына 
отыруға мәжбүр болған Бабыр әке орнын иеленген тұста Ферғана 
қазіргі үш ел: өзбек, тәжік, қырғыз жерін қамтитын. Бабырдың 
мақсаты – Амудария мен Сырдария аралығанда, яғни Мауреннахрда 
бір орталыққа бағынатын мемлекет құру болған, бірақ ол мақсатына 
жете алмайды. 1525 жылы Бабыр Үндістан билеушісі болады. Үш 
жүз жыл бойы, яғни ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін өмір сүрген Ұлы 
Моғол империясының (1526-1858 жж.) негізін қалаған мемлекет 
қайраткері ретінде Бабырдың есімі тарихта қалды. 
Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр әйгілі шығыс шайырларының 
ішіндегі түркілік поэзияны ілгері дамытқан классик ақын ғана 
емес, «Бабырнама» сынды мемуарлық туындыны дүниеге әкелген 
шебер прозашы. Ғылымның сан саласын бойына дарытқан Бабыр – 
таңғажайып поэзиялық туындылары және «Бабырнамамен» қатар, 
«Муфассал» (аруз жөнінде), «Рисола-и харбия» (әскери іс жөнінде), 
«Рисола-и мусиқа» (музыка туралы), «Мүбайын» (шариғатқа 
байланысты «Өсиетнама») сынды трактаттарды және «Хатта 
Бабуриді» (Бабыр әліппесін) жазған жан-жақты ғұлама ғалым. 
Ескі парсы, түркі-шағатай, хинд, тәжік тілдерінде өте таза сөйлей 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет