ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі 2.2 Қадырғали Жалайырдың тарих философиясының айшықтары Тарихты шежiрелiк сипатта баяндау – ортағасырлық Шығыс
мәдениетiне тән құбылыс. Тарих философиясының осы әдiстемесiн
Өтемiс қажы да «Шыңғыснамесiнде» қолданады. Ақсүйектер
ұрпағын бiр жүйеге келтiрiп, ретiмен тiзiп отыру – бұл ортағасырлық
қоғамдық сананың елеулi ерекшелiгi.
Адамзат тарихының әр түрлi кезеңдерiн жан-жақты сараптау-
дан өткiзу үшiн мiндеттi тұрде оны философиялық тұжырымдау-
лар тұрғысынан байыпты қарастырған жөн. Бұл өз кезегiнде тарих
сахнасында жарқырап көрiнген ұлы ғұламалардың кең ауқымды
дүниетанымын зерттеп, талдауға итермелейдi. Олардың дүниеге
көзқарасындағы ерекшелiктердi анықтау арқылы бүкiл бiр қауым-
дастықтың әлеуметтiк болмысы, ойлау мәдениетi жайлы мағлұмат-
тар аламыз жәнс сол арқылы мәдениет пен тарих философиясы деген
үлкен салалардың ауқымын кеңейте, тереңдете түсетiнiмiз анық.
Орта ғасырларда өмiр сүрген ойшылдарға тән үлгiлердiң шең-
берiнде болғанмен Қадырғали би өзiнiң дүниетанымының негiзiне
адам мәселесiн алған, оның мәртебесiн көтерген. Адами қатынас-
тардың қоғам үшін, мемлекет үшін, жалпы ғаламдық үйлесiмдiк
үшін маңызы зор екенiн сезiнгенi байқалады.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегiнде Шыңғыс ханның ұлдарына
айтқан өсиеттерiн баяндай отырып, әлеуметтiк таным туралы да өз
позициясын бiлдiрiп кетедi. Мәселен, Шыңғыс ханның адамға тән
әмбебаптық таным туралы пiкiрiн былай деп келтiредi: «Кiм өзiн
жақсы бiлсе, басқа бiреудi сондай бiлгей»
Бұл тұжырымның негiзiнде тек Шыңғыс ханның ғана емес, жал-
пы Шығыстың дiлiнiң, менталитетiнiң ерекшелiгi жатқан сияқты.
Яғни адам қоршаған ортаның көптеген қасиетiн аша бiлуi үшін ол өз
бойындағы құпияларды танып-бiлуге тиiс. Мiне сонда ғана он сегiз
мың ғаламның сан түрлi жұмбағы бiртiндеп ашыла бермек. Ол үшін
адам өз бойындағы табиғат сыйлаған кереметтерiн тануы және игеруi
керек, сол арқылы ғана бiртiндеп әлемдегi қайталанбас тұлғалардан
тұратын социумды танып, бiлуге, бағалауға мұмкiндiк алады.
Әрине, Қадырғали Жалайырдың тұлғалық сабақтастықты тал-
дауға арнаған енбегiнен басқа да шығармалары болуы мұмкiн. Себебi
әр түрлi мәдениеттерден, тiлдерден сусындаған ойшылдың шығар-
машылығы және дүниетанымы бiр ғана еңбекпен шектелмеуге тиiс.
Өкiнiшке орай, ондай рухани мұраның замандастарымыз үшін
таныс болмауы, немесе қазiргi кезеңге дейiн сақталмауы Қадырғали