ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі Орыс ғалымы И.Н. Березин 1854 жылы Қазан қаласында
бастырып шығарған осы аталған еңбек Қазақстанда түпнұсқа
күйінде Р. Сыздықованың дайындауымен 1989 жылы – Алматыда
жарық көрді. 1991 жылы осы автор және М. Қойгелдиев екінші рет
осы күнгі қазақ тілімен берілген аударманы жариялады. Ал 1997
жылы «Қазақстан» баспасы еңбектің толық аудармасын, мазмұнды
алғысөзбен жұртшылық назарына ұсынды. Кітаптың кіріспесінде
айтылып көрсетілгендей, бұл тарихи еңбек өз заманындағы
ортаазиялық жазба дәстүрінде жазылған.
Қадырғали Жалайырдың өзі туралы, шыққан тегі мен өмірбаяны
жөніңдегі деректі осы кітаптан алуға болады. Шыкқан тегі – Жалайыр
тайпасы, ол тарихта көптеген уақыттан белгілі. Автор Шыңғысхан
заманынан бері қарай ата-бабалардың шежірелерін таратып береді.
Ж.Дәдебаевтың пайымдауына сүйенсек, Қадырғали бек, өзінің шығу
тегін былайша баяндайды:
Қадырғали бек – Темшік баһадұр – Анжы баһадұр – Адымшейх
мырза ағасы Қарашбек – Құбай Қамбар мырза – Айдаулы бек – Шейх
Софы бек – Тебре бек – Саба баһадұр – Сартақ нойан.
Бектің арғы аталары Сартақ нойан, Саба баһадұр Шейх, Софы бек
– Шыңғыс хан тұсында алаштың ұлық кісілері ретінде хан ордасында
үлкен мәртебеге ие болған ірі қайраткерлер. Ал Қадырғали бектің өзі
Көшім ханның уәзірі, бас кеңесшісі болған, Сібір хандығын сырттан
келген басқыншылардан қаны мен терін төгіп қорғаған ірі мемлекет
қайраткері [5].
Еңбектің жазылу себебін Қ. Жалайыр былай түсіндіреді:
«бұл тарихтың жазылуына (жазылуына себепші болған) жоғарғы
мәртебелі Ораз-Мұхаммед ханның ата-анасынан бері құлдық қыла
келген жалайыр тарақ тамғалы еді. Парсы дініндегі Шыңғыснама
кітабынан түрік тіліне аударады, ал кейінгі замандары болғандарды
өзі естіп білгені бойынша алла тағала жәрдем беріп, теріп жазды.
Патша Борис Федоровичтың мәңгі әділдігін, ақтығын және тағы
мәртебелі Ораз-Мұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның
құрметпен хандыққа отырғызғандығын баяндау үшін жазылды» [2,
126 б.].
Ал Ораз-Мұхаммед кім? Ол Тәуекел ханның (1586–1598) інісі
Ондан сұлтанның баласы еді. Ал оның аталары Ұрыс хан, Барақ
хан, Жәнібек хан, Менғой хан Алтын Орда. Ақ Орда және қазақ
хандығындағы белгілі тарихи тұлғалар. Оны 1588 жылы 16 жасында
орыс воеводасы Данил Чулков алдап қолға түсіріп, тұтқындап
Мәскеуге жібереді. Орыс патшасы Қазақ ханының туысын қолда
ұстап, келешекте күн туа қалса, оны алдыға тартып, қазақтарды