Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет69/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
алды. Осы орайда Дулатидің әлем, адам, қоғам мәселелеріне қатысты 
философиялық көзқарастарына бұл ілімдердің зор ықпал еткенін, 
оның дүниетанымы мен әл-Фараби, Қ.А. Йасауи, Ж. Баласағұн, 
М. Қашқари философияларындағы үндестікті, жалпы Фарабиден 
Шәкәрімге дейінгі қазақ даласы ойшылдарының көзқарастарына осы 
рухани дәстүрлердің үлкен әсер еткенін, басты рухани қайнарлардың 
бірі болғанын, осы тарихи-мәдени сабақтастықтың кешегі кеңестік 
дәуірге дейін сақталып келгенін атап өту қажет. 
Жалпы ислам дін және мәдениеттің діни-рухани негізі ретінде 
Орталық Азия халықтарының мәдени өзіндік бірегейлігінде маңыз-
ды рөл атқарады. Түркі халықтарының исламды қалыптастыруы 
мен таратуында тікелей қатысы бар екені де рас. Бірақ исламға 
дейін де тәңірішілдікпен сипатталатын монотеистік жүйесі бар 
түркі мәдениетінде Дулатидің де ұстанатын исламның дәл осы 
ханифиттік мазхабы үстемдік етті деген заңды сұрақ туындайды. 
Жоғарыда аталған зерттеуші-ғалымдардың пікірінше, оның бірқатар 
алғышарттары болды. 
«Біріншіден, ханафийа басқа ағымдармен салыстырғанда, 
мейлінше діни төзімділігімен көзге түседі. Діни дүниетанымдық син-
кретизммен ерекшеленетін Орталық Азияға бұл мазхаб қолайлы 
жүйе болды. Екіншіден, бұл ағым өзінің діни эпистемологиясында 
аңыздарға сүйенуді танымның жолының бірі ретінде таниды. 
Сондықтан ханафийаның «аралық теологиясы» сенімнің негізгі 
догматтарына қайшы келмейтін тәңірішілдіктің әдет-ғұрыптарына, 
ұлттық мейрамдарға «түсіністікпен» қарады. Үшіншіден, жергілікті 
халықтар исламға дейін-ақ зорастризм мен тәңірішілдік сияқты 
бір құдайға табынушылықты ұстанғандықтан, бұл жаңа діни жүйе 
олардың діни психологиясына қайшы келмеді. Тәңірішілдік пен 
ислам антогонистік емес рухани түзілімдер болып көрінді. Сондықтан 
ол халық санасына ешқандай зорлықсыз орнықты. Мұсылмандық 
рационалдық философияның шыңын мутазилизм ретінде сипат-
тауға болатын әл-Фарабидің шығармашылығынан көруге болады. 
Жалпы түркі-ирандық философия мен ғылымды (көрнекті өкілдері-
не әл-Фарабиді, әл-Хорезмиді, ибн Синаны, Бируниді, Омар Хаямды, 
М. Қашқариді, Ж. Баласағұнды, Ә. Науаиді, Ұлықбекті және т. б. 
жатқызуға болады) бүкіл ортағасырлық мұсылмандық философия 
мен ғылымның өзегін құрағаны жасырын емес. Оның үстіне егер 
Алдыңғы Азияда ортодоксалды ислам суфизмді қудаласа, ал 
Орталық Азияда төзімділікпен қарады» [28, 52–75 бб.]. 
Өз бойына осындай рухани нәрді сіңіре білген Мұхаммед Хайдар 
мырза бабамыз Кашмир қаласында билеуші болып тұрғанында 


72 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет