Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет75/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ерекшелiктерiне сай келетiн бейнелер тұрiнде дамығанын айта 
аламыз.
Әлемдiк мәдениетте патшаларға, хандарға ақылгөй-кеңесшi 
қызметiн ат-қарған Аристотель, Асан Қайғы, Бұқар жырау сияқты 
тұлғалардың қатарын Қадырғали би Жалайыр де толықтыра 
түседi. Оның дүниетанымының өзегiн халыққа, елге, тарихқа үлкен 
құрметпен қараушылық құрайды. Ол өз құндылықтар жүйесiнiң 
негiзiне ынтымақтастықты қабылдаған. Мiне, осының өзiнен 
ойшылдың көзқарасындағы басымдық танытатын iргетас, принцип 
гуманистiк бағдар екенiн байқаймыз.
Жалпыадамзат тарихындағы басымдық танытқан дүниетаным-
дық бағдар – жауынгерлiк көзқарас екенi белгiлi. Барлық халықтарда 
табиғи күрес, дихотомиялық тайталас (бiздер мен олар жаулар), 
яғни жас ұрпақты Отанын қорғау үшін ерлiкке ұмтылуға, батыр 
болуға итермелеу жетекшi рөл атқарып келдi. Қоғамдық пiкiр ел 
үшін жанын қиған ерлерiн мадақтады, қорқақтарды әжуалады, 
сатқындарды жек көрдi. Бұл тарихи процестiң барлық халықтарға 
тән келбетi.
Ал, ендi қазақтың ежелгi тайпаларының арасынан шыққан 
Қадырғали Жалайыр ХVI–ХVII ғасырлардағы тарих сахнасында 
көрiнiс берген рухани-мәдени, дүниетанымдық құндылықтар 
жүйесiн келер ұрпаққа нақты тұрде бере бiлген. Тарихи тұлғаның 
ерекшелiгi де осында.
Ол өзiнiң еңбегiнiң ұрпақтар үшін қажет дүние болатындығын 
анық бiледi. Сондықтан тарихи деректердi, тұлғаларды, оқиғаларды 
барынша дәлдiкпен суреттеуге тырысады. Қазiргi кезеңде дамып отыр-
ған саясаттану саласына да, саясат философиясына да құндылығы 
бар идеялар мен тұжырымдар еңбекте кеңiнен келтiрiлген. Оны 
Ш. Уәлиханов пен орыстың XIX ғасырдағы зерттеушiсi И.Н. Березин 
жәнс қазiргi кезеңде жан-жақты зерт-теуге бет бұрған ғалымдар 
атап өтедi. Қадырғали бидiң саяси дүниетанымы қоғамды барынша 
ынтымақтандыруға, баянды өмiрдi дәрiптеуге негiзделген. Сондық-
тан оның еңбегiнде саясат мәселесiмен айналысқан зерттеушiлерге 
де үлкен құндылығы бар ойлар жеткiлiктi.
Ойшыл шежiрелердi жинақтау барысында дiн философиясына 
тән «ынсап», «фәни», «бақыт», «жақсылық» деген ұғымдарды қолда-
нады. Ал, ендi «ол өзiнiң этикалық көзқарасын қайырымдылық 
идеясы арқылы анықтап, ол бiр дарияның суындай шексiз нәрсе 
екен», – деп сипаттайды. Мiне, осы дүниетанымдық ұстаным кейiнгi 
өрбiген қазақ өркениетiнiң философиялық дүниетанымының 
iргетасы болғанын жақсы бiлемiз. Осы орайда қазақтың ұлттық 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет