Арнайы мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі глоссарий адамды қалыптастыру процесі


Тәрбиеші – ресми қызметтегі адам, балалар мекемелерінде және білім беру орындарында тәрбиелік қызмет атқарады.  Тәрбиеленушілік



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата09.12.2022
өлшемі195,71 Kb.
#56133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Тәрбиеші – ресми қызметтегі адам, балалар мекемелерінде және білім
беру орындарында тәрбиелік қызмет атқарады. 
Тәрбиеленушілік – адамның салыстырмалы түрде жылдам жаңа
танымдық, эмоциялық немесе мінез-құлықтық біліктер мен дағдыларды 
қалыптастыруға дайындығы. 
Тәрбие мен білім беруді гуманизациялау – тәрбиеші мен 
тәрбиеленуші қарым-қатынас үдерісінде дүниетанымдық принципті жүзеге
асыру, оның негізіне адамды құрметтеу, оларға қамқорлық кӛрсету
жатады; педагогикалық тұрғыдан баланың қызығушылықтары мен 
олардың мәселелерін шешу; әлемдегі адам тұлғасына балалардың құндылық
қатынасын орнату. 
Тәрбие жұмысы – тәрбиені ұйымдастыруға мақсатты бағытталған
тәрбие жұмысы. Т.ж. тәрбие қызметінің қолданбалы қырын, тәрбиешінің 


мақсатқа жетудегі, кәсіби әрекетіндегі және позициясындағы 
қайшылықтарды жеңу қажеттігін бейнелейді. 
Тәрбиелік жүйе - ӛзара байланысты құрылымдар жиынтығы: 
тәрбиелік мақсат; мақсатты бағытта оны іске асыратын тәрбиешілер 
қызметі; қатысушылар арасындағы қарым-қатынас; игерілген орта және 
тұрмысты қамтамасыз етуді басқару қызметі. 
Тәрбиелік қызмет – педагогикалық қызметтің ерекше түрі 
педагогтың педагогикалық жүйедегі қарым-қатынас әрекеті және бағыты:
адамдарды жетілдіру және ӛзара қарым-қатынастарын дамыту; тұлғаның
дамуына жақсы жағдай жасау; тәрбиелік орта қалыптастыру; 
тәрбиеленушілер үшін микроклиматтық қауым ұйымдастыру. 
*Тәрбиелеуші қызмет - педагог пен тәрбиеленушінің ынтымақтастық
әрекеті, нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталады және сонымен қатар
тәрбиелік қызметті де атқарады (А.М.Сидоркин). 
Тәрбиелік шеберлік - тәрбиелік қызметті жүзеге асырудағы нақты 
тәрбиелік мақсатты шешудегі педагогтың шеберлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет