Арнайы мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі глоссарий адамды қалыптастыру процесі



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата09.12.2022
өлшемі195,71 Kb.
#56133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Тәрбиелік кеңістік - баланың тіршілік ету ортасы; ақпараттық және
компьютерлік желінің қолданылу аясы; білім беру кеңістігінің құрамды
бӛлігі, оқыту мен тәрбие жұмысы жүргізілетін орта. 
Тәрбиелік - еңбек колониясы - 14-18 жас аралығындағы бас
бостандығынан айырылғандардың жазаны ӛтейтін түзету-еңбек мекемесі. 
Ажыратылады: жалпы режимдегі Т.- е.к. және қатаң режимдегі Т.- е.к. 
Колониядағы жасӛспірімдерге қимыл-қозғалыстарында, сабақтарда, 
ӛзгелермен қарым-қатынастарында белгілі шектеулер қойылады. Соған
қарамастан, олар білімдерін - орта білім алғанша жалғастырады, еңбекке
тартылады.
Тәрбиелік қатынастар – тәрбиелік әрекеттесу барысындағы адамдар
арасындағы түрлі қарым-қатынастар; тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілер,
мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен балалар арасындағы 
қатынастар жоспарланып, педагогикалық үдерісте іске асырылып, 
басқарылып, тәрбиеленушінің және тәбиешінің де дамуын қамтамасыз
етеді. Т.қ. педагогикалық үдерісті жасаушы,негіздеуші, жүйе құрушы 
болады. 
Тәрбиелік ресурстардың жетіспеуі ( франц. resources – қор, бір
нәрсенің бастау кӛзі; қажетті жағдайда пайдаланылатын құрал) – тәрбиелік
құралдардың, нақты обьектіге тәрбиелік қатынастың, нақты тәрбие
ортасының жетіспеуі. 
Тәрбиелік іс - қатысушылардың жалпы қызығушылықтары мен 
қажеттіліктеріне негізделген бірігіп атқарылатын іс. Тәрбие жұмыс
жүйесінде бір рет орындалатын тәрбиелік іс, соның қатарында ұжымдық
шығармашылық іс те бар (И.П.Иванов). 
Тәртіп бұзу (франц. desorganisaition) – ұйымдастырылған қызмет, іс-
әрекет, жұмыс тәртіп жүйесінің бүлінуі, оның жаңа формаға
алмастырудың болмауы, қалыптасқан іс-әрекеттің бүлінуі.


Тәртіп - аралық топ – түрлі сала мамандарынан құралған команда
клиентке кешенді кӛмек кӛрсету үшін жұмыс жасайды. 
Тәрбиелеу әдісі – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің /ата-ана мен 
балалардың, 
мұғалім 
мен 
оқушының, 
әлеуметтік 
педагог 
пен 
тәрбиеленушінің/ ӛмірлік іс-әрекетті, қарым-қатынастар, байланысты 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қоғамдық негізделген педагогикалық
мақсатты әрекеті, сол сияқты тәрбиелеу, жӛндеу, қайта тәрбиелеудің белгілі 
бір мақсатына жету үшін тәрбиеленушілердің белсенділігіне жағдай жасап 
және мінез-құлқын реттейтін тәрбиелік ықпалдың құралдары мен 
тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие әдістерін таңдау тәрбиенің мақсаты мен 
міндеттеріне, тәрбиелеу іс-әрекетінің мазмұны мен заңдылықтарына, оның 
іске асыру /орындау/ шарттарына, объекті мен тәрбиелеу субъектінің 
ерекшеліктеріне тәуелді. 
Тәрбиенің бинарлық әдісі –
тәрбиеленушіде тиісті жауап іс-әрекет 
жасауға, ӛзің-ӛзі тәрбиелеу әрекетін жасауға шақыруға есептелген әлеуметтік 
педагогтың ықпалы. Т.б.ә Л.С.Выготскийдің мәдени даму жалпы 
теориясынан, 
тәрбиеленушінің 
санасында 
қоғамдық 
білімнің 
интреоризациясынан бастау алады, «тәрбиелеу- ӛзің-ӛзі тәрбиелеу» 
әдістерінің жұптарын бӛліп кӛрсетуді жорамалдайды. Тәрбиелеу аумағына 
байланысты О.С.Гребенюк пен М.Ю.Рожков тӛмендегідей ӛзің-ӛзі 
тәрбиелеудің бинарлық әдістерін бӛліп кӛрсетеді: сенім және ӛзің-ӛзі 
сендіру /интеллектуалдық ӛрісі/; ынталандыру және уәж /уәждік ӛріс/; 
сендіру және ӛзің-ӛзі сендіру /сезімдік ӛріс/; талап пен жаттығу /ерік ӛрісі/; 
түзету және ӛзің-ӛзі түзету /ӛзің-ӛзі реттеу ӛрісі/; жағдайларды және 
әлеуметтік сынама – сынау тәрбилеушілер; дилемма және рефлексия әдісі 
/экзистенциалдық сфера/. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет