Арнайы мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
ГЛОССАРИЙ
Адамды қалыптастыру процесі – біздің қоғамымыздың осы міндетті шешу
үшін жасаған барлық жағдайлардың бірлігімен анықталады;
Адамның әлеуметтік пісіп-жетілуі – жауапкершілікті, шыдамдылықты,
ӛзін-ӛзі дамытуды сипаттайды.
Адамгершілік даму теориясы – жастық ӛзгеріп ұлғаюына сай «дұрыс
істедің- дұрыс істемедіңді» таңдаудағы адамның адамгершілік ойлауы мен
мінез-құлқын түсіндіруші теория (Лоуренс Кольберг ұсынған). Адамгершілік
тұрғыдан дамудың 6 фазасы немесе деңгейлері бӛлініп кӛрсетіледі:
жазаға ұшырап қалмас үшін адам ережелерге бағынады;
мадақталу үшін адам ережелерді бұзбайды;
адам ӛзін сүйкімсіз етпей, «жақсы» болып кӛрінуі үшін ережелерді
орындайды;
адамда бірнәрсені дұрыс жасамағанына күнәлі сезімі немесе ұят,
ережелердің әлеуметтік қажеттілігін түсінуі дамиды;
адам кейбір риясыз пікірлер сияқты қайшылықтар күресі нәтижесінде
қажетті құндылықтарды игеретінін түсінуі;
адам әмбебап адамгершілік ұстанымдардың ӛмірінен екендігін
бағалайды және дамытады, оларды міндетті деп қабылдайды.
Әлеуметтік тәрбие теориясы – әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік
тәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, негізгі ұстанымдарын, әлеуметтік
тәрбиенің
қозғаушы
күштерін,
оның
құрылымдық
элементтерін,
технологияларын, әдістері мен формаларын, тәрбие әрекетінің әдістемесін
ашып кӛрсететін бір бӛлімі.
Әлеуметтік әсер теориясы – қоғамда ӛздерінің күнделікті әрекет-
қимылдары арқылы қалыптастыру мақсатындағы индивидтер және олардың
бір-бірімен ӛзара әрекеттесуі негізге алынатын тұжырымдама.
Әлеуметтік үйрету теориясы – адамның қарым-қатынастарын немесе
қимыл тәсілдерін қалыптастыру (ӛзгерту) мүмкін болатын тұлғааралық
әсердің үлгісіне бағытталған адамның мінез-құлқын зерделеуші теория. Бұл
ретте ең алдымен ата-аналардың қарым-қатынастар мен мінез-құлықтарының
үлгілері алғашқы әлеуметтендіретін келістірушілердің әсерін зерделеуге
үлкен мән беріледі, тағы бір маңызды элемент – мінез-құлықты
айналасындағылардың тәртібімен нығайту, демек белгілі бір қайта
реакцияны күшейту мақсатындағы кезкелген қимыл әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |