Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары
Қорыта келгенде:
•
1. Шаттық шеңбері сабақ басталғанда оқушылар ортаға
шығып,шаттық шеңберін құрады. Сол сәтте оқушылар бір-біріне жылы
лебіздерін білдіріп,жақсы көңіл-күй сыйлайды.
• 2. “Ой қозғау” әдісі Баланың басынан өткен бұрынғы тәжiрибесiне
сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген
тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағытталған,
қызығушылықты оятуға арналған стратегия.
• 3. “Модельдеу” әдісі математика,көркем еңбек пәндерінде
оқушылардың қол моторикасын дамыту үшін қолданылады.
• 4. “Карусель” әдісі бұл әдістің нәтижесінде оқушылардың көру,есте
сақтау,ойлау қабілеті,креативтілік қабілеті шыңдалады.
• 5. Ширату оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендігін тексеру
мақсатынды қолданылады.
• 6. “Галерея аралау ” әдісі өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi
материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нәрсеге жазуға
арналған стратегия.
• 7. “Әткеншек” әдісі оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін
кері байланыс арқылы тексеру әдісі.
86
Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы
қабілетін арттыру
Нургазина Жазира Ердыкановна
Бастауыш сынып мұғалімі
«Көкпекті ауданының білім бөлімі» ММ «Абай атындағы орта мектебі» КММ,
Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы
СЕКЦИЯ: Бастауыш білім беру
ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде үлкен
серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру процесін мүмкіндігінше
кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа тез өзгермелі әлемде іс-істеуге,
білім ала білуге, өмір сүре білуге, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл
ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».
Жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті әлемдік білім кеңістігінде білім беруді
жүзеге асыру үшін қоғамға білімді, іскер, жаңашыл ұстаз- жаңа тұрпатты мұғалім
қажет.
Жаңа тұрпатты мұғалім- бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл
әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі
кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік
жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға , білікті маман.
"Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқыту,
ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады” деген К.Д.Ушинский.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа
әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі
заман талабына сай 2014 жылы 3 деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді
оқыту курсын аятадым . Бағдарлама жеті модуль бойынша жүргізіледі. Жеті
модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Олар:
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Ақпараттық коммуникациялық технология
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Осы модульдерді негізге ала отырып, көптеген өзіме қажетті мәліметтер
мен тиімді әдіс-тәсілдерді үйрендім.
Осы курсқа қатысып, алған білімімді өз сыныбымда қолдануға тырыстым.Мен
осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану
барысында көптеген жетістіктерге жеттім.Сабақтарды ерекше , жаңа технология
жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас
байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі
осылар. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың
87
қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып
табылады. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын
жетік түсіне білуі қажет
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген
пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын
меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең,
ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды
тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын
қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім
өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып,
педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты
таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы
шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа әдіс-тәсілдердің
айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру
жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке
баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт
боларлық сюжет ұсыну;
2.Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3.Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4.Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5.Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлмен ойнату;
6.Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа әдіс-тәсіл
элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.
Тізбектелген сабақтар топтамасына енгізілетін жаңа әдіс – тәсілдер:
«Автор орындығы»,
«Бірге ойлаймыз»,
«Телефон»ойыны,Тренинг
«Өзіңді ғана емес,өзгені де таны»
«Кім тапқыр»,
« Инсерт»
«Венн диаграммасы»,
«Он сұрақ»,
«Ойлан,Бірік,Бөліс»,
«Маған көрсет»,
«Кім жылдам?»,
« Бес жолды өлең»
« Сиқырлы сандар»
«Константинополь» ,
88
«Менің бағытым»ойыны,
«Детальдарын қосу» ,
«Айналмалы доп»,
"Ұжымдық сурет ",
« Кубизм »
« Бұл не?Бұл кім?»
«Ойлан ,тап»,
«Үш қадамдық сұхбат»,
«Миға шабуыл» әдісі,
«Әліпби желісі»,
«Интервью» әдісі ,
« Сәйкесін тап»
Саны бар атаулар
Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері
анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады.
Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық
іс-әрекеттері
мен
дағдыларының
дәрежесін
көрсетіп
береді.
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын:
мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ
оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау
қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне
қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.
Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тындайды.
Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шғармашылық жұмыс
орындағанын
тәжірибемде
кездесті.
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті
оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп
қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін
ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ
мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша
мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен
танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді.
Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың
пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
|