Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования



Pdf көрінісі
бет44/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
сборник-материалов-НПК-qazan.info

Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар 
салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде 
оқушылардың лексикалық сөздік қоры кеңейеді, грамматикалық сөз тіркесінің 
активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға жаттығады. 
[90,37]. 
Бұл тұлғада деңгейлік тапсырмаларды таңдай мәселесі практикалық мағынаға 
ие болады да, оқу процесінің проблемалық ситуациясына айналады. 
Байланыстырып сөйлеуге оқыту үшін деңгейлік тапсырмада әңгіме, мазмұндама 
жазу ұсынылады. 
Оқушысы сөйлеу процесін енгізу үшін, оны тілдік ситуациялға кіргізіп, сол 
ситуацияда өзін ұстай білуге үйрету керек, яғни оқушы өзінің әңгімелесушін, 


91 
әңгіме процесінің мақсаты мен шарттарын меңгеруі тиіс. Деңгейлік тапсырмалар 
оқушыны сөйлете білудің шарттарына бағынышты болады. Тапсырма түрлері 
оқушының ой желісін жетілдіріп, тілді сезіну қабілеттерін арттырады, тілдік 
грамматикалық тұлғаларды қолдануға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардағы 
жаттығулар оқушылардың мәдениетін қалыптастырады. 
Сөйлесу тілін дамыту үшін баланың психологиялық жағдайын ескеру қажет. 
Бала жақсы сөйлеу үшін оның шабытын оятып, құлшыңдырып сабақты қызықты 
өткізу қажет. Сөйлемді жақсы құра білсе, сөйлесіп үйреніп қазақ тілін игерсе, 
онда: сенің қолыңнан бәрі келеді, сен қабілеттісің деп баланы мадақтап қойған 
жөн. Сонымен бірге «жаз үйрен» деп сенім білдірген дұрыс. Оқушының 
кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар 
басылымына, өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу, шығармашылық сәтте 
оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; 
ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылтқы 
оқиғаларды әңгіме ету; оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебін де 
таныта білу; олардың психологиялық еркіндігін қаматамасыз ету сияқты 
әрекеттерді мұғалім білуі тиіс. 
Сонымен сөйлеу тілін дамытудағы психикалық жағдайға байланысты 
оқушының сапалық және сандық өзгерістері: 
нерв жүйесінің жетілуі 
білімнің артуы, 
сезім мен мөральдық ұғымдардың пайда болуы 
анатомиялық – физиологиялық есеюі және мінез-құлқының қалыптасуы. 
Дамыта оқытуда төмендегі психологиялық жағдайлар ескеріледі. 
1. сезімі, түйсігі 
2. қабылдауы, ынтасы 
3. зейіні, еске ұстауы 
4. ұғынуы, еркін билеуі 
5. ойлауы, қиялдауы, болжауы 
6. сөйлеу қабілеті 
7. оқу іс-әрекеті, дағдысы 
8. жауапкершілігі, ізденісі, дербестігі. 
Оқушыларды сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу 
тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, 
сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рол атқарады. Олардың барлығы өзара 
диалектикалық байланыста. Адамның көру, есту сезімдерінің дамуы, ойлау 
қабілетінің артуы сыртқы объективтік шындықтық әсерінен болады. 
Психолог Р.Қ.Көшімбаев «Табыс психологиясы» атты еңбегінде әртүрлі 
психологиялық жаттығулар мен ойындар арқылы мектеп өмірінде оқу процесіне 
қажеттілік туғызу, оқушының ойлау қызметін жетілдіру және мұғалім мен 
оқушыға қиындықтарды жеңу, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту жолдарын 
үйретеді. Мысалы: Оқушы сабақты дұрыс қабылдамаса, оның зейіні сабаққа 
ауыспаса, сабақтың ұйымдастырылуы ойдағыдай шықпаса, сіз тез өзіңізді мұғалім 
рөлінен шығарып, оқушы болыңыз. Оқушыдан қандай ойынды жақсы 
көретіндігін сұраңыз. Сол ойынды бастап ойнаңыз. Оқушылар көңілденіп ойынға 


92 
ұйымшылдықпен кірісе бастаған кезде, сабақ бағытын ойынға бұрыңыз да, 
өзіңіздің мақсатыңызды іске асыруға кірісіңіз – дейді. [90,50]. 
Міне, осы сияқты психологиялық пікірлерді ұсынады. Оқушыға реніш 
туғызған мұғалымге өзін сол оқушының орнына қойып, оқушыны мұғалім 
тұлғасында қарап ойлануды ұсынады. Мұндай жаттығулар мен ойындардың ұстаз 
творчествосына тигізер жәрдемі мол. Қазіргі кезде мектептегі сабаққа 
пайдаланылатын ойын түрлері, тренинг тәсілдері, ролдік, іскерлік ойын түрлері 
өте көп. Сөйлеу арқылы тіл жетіледі, дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет