58
кəсіпорындар үшін беріледі. Жапонияның алдыңғы
қатарлы фирмаларында
толық жəне кезегімен атты тəсілі жəне сапаны басқарудың жүйелік принціптері
енгізілген. Мұндай фирмалардың тəжірибелері түпкілікті оқып танылды,
сараптама жасалынды жəне оларды АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде
қолдануға əрекет жасалынды.
Жапониялық сапаны басқару тəсілінің бірқатар ерекше қасиеттері бар деп
саналғанмен, салыстырмалы
сараптамалар көрсеткендей, теориялық жағдайы
өте ұқсас жəне интернационалды болып келеді. Жапондық сапа басқару
тəсілінің айрықша элементтері келесідегідей:
1. Процестің тұрақты дамуына бейімделу жəне
барлық бөлімшелерде
еңбек нəтижелеріне жету;
2. Өнімнің сапасына емес процестің сапасының бақылануына бейімделу;
3. Ақаулардың пайда болмауын қадағалауға бейімделу;
4. Түпкілікті зерттеу жəне қазіргі операциядан келесі операцияға дейінгі
жүретін принціп бойынша туындаған мəселелерді сараптау;
5. “Сенің тұтынушың келесі өнеркəсіптік іс-əрекетті жүзеге асырушы”
атты принціпті дамыту;
6. Еңбек нəтижесінің сапасы бойынша жауапкершілікті тікелей
атқарушыға жүктеу;
7. Адам факторын белсенді түрде қолдану жəне жұмысшылар мен
қызметкерлердің шығармашылық
потенциалын дамыту, “дені сау адамға
жұмысты нашар істеу ұят“ деген моральды санаға сіңіру.
Жапондық мамандар “сапа – кəсіпорын тағдырын белгілейді“, “сапа
туралы минут сайын ойла“ атты ұрандармен жұмыс істейді. Осындай ұрандар
кəсіпорын жұмысына қарқын береді деп ойлайды. Жапондық кəсіпорындарда
(“бес ноль“ деп аталатын) сапаландыруға қатысу мүмкіндігін беретін
бағдарлама жасалынған. Ол мынадай қысқаша ережелерден тұрады:
• ақаудың пайда болуына жол бермеу;
• ақауы бар өнімді келесі кезеңге өткізбеу;
• ақауы бар өнімді алдыңғы кезеңнен қабылдамау;
• технологиялық режімді өзгертпеу;
• қателерді қайталамау.
Бұл ережелер өнімді дайындау мен
өнімді өндіру кезеңдерінде
бөлшектеніп əрбір жұмысшыға жеткізілген. Осыған орай Жапониядағы сапаға
қатысты ең басты мəселелерді былай бөлуге болады:
1. Басқару мен техника саласындағы ғылыми жаңалықтарды кеңінен
қолдану.
2. Басқару жəне сараптау мен өнімді бақылаудың жоғарғы деңгейде
компъютерлендірілуі.
3. Адам мүмкіншіліктерін жоғарғы деңгейде қолдану. Бұл үшін
шығармашылық
белсенділігін
арттыру
мақсатында
түрлі
шаралар
ұйымдастырылады, мысалы: өздерінің Отандық
фирмаға деген патриоттығын
арттыру, персоналды жүйелі түрде оқыту, үйрету.
Өнімнің сапасын басқарудың шетелдік əдістері, оның ішінде Жапондық
59
тəжірибесі өнімнің көптеген түрлеріне байланысты əр салада қолданыс табуда.
Өнімнің сапасын басқаруының осындай алуан түрлі тəжірибелері бар. Мысалы,
өнімнің сапасын басқарудың Еуропа, Ресей, АҚШ, Корея, ... т.б. тəжірибелері.
Достарыңызбен бөлісу: