176
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
9-ҚАДАМ. БИЗНЕСТІҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР
БАСҚАРМАСЫН ТАҢДАЙМЫЗ.
10-ҚАДАМ. ТІРКЕУ ҚҰЖАТТАМАСЫ ШЫҒАДЫ, ОНЫ ТОЛТЫРАМЫЗ, ТОЛТЫР-
ҒАННАН КЕЙІН «АЯҚТАУ» ЖӘНЕ «ДАЙЫН» БАТЫРМАСЫН БАСАМЫЗ. ҚҰЖАТТА-
МАҢЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНЫНА ТІРКЕЛУГЕ КЕТЕДІ.
Тіркелуге шамамен 0,5 – 1 күн
уақыт кетеді
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР РЕТІНДЕ ТІРКЕЛУІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеу
органының лауазымды адамының қолы қойылған ЭЦҚ-мен куәландырылған элек-
тронды құжат түрінде беріледі, сертификат қағаз түрінде берілмейді. Бұл куәлікті
қағазға басып шығаруға болады, бірақ түпнұсқа электрондық құжат болып табы-
лады.
177
9.2. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ, САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
МЕН БЮДЖЕТКЕ
ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚ
РЕЖИМДЕРІ
Салық мiндеттемесi ЖК-ның мемлекет алдындағы мiндеттемесi деп танылады,
оған сәйкес ЖК мынадай iс-әрекеттердi атқаруы тиіс:
1)
салық органында тіркелу;
2) салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объек-
тiлердiң есебiн жүргiзедi;
3) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер,
салық базасы мен салық ставкалары, бюджетке төленетiн салықтардың және
төлемдердiң
сомаларын, сондай-ақ Салық кодексiнiң ерекше бөлiмiне сәйкес
аванстық және ағымдағы төлемдердi есептейді;
4) салық есептiлiгiн, салық салу нысандарын және Салық кодексiнде белгiлен-
ген өзге де нысандарды белгiленген тәртiппен салық органына әзiрлейді және өт-
кізеді;
5) Бюджетке төленетін салық және төлемдер бойынша есептелген және төле-
нетін
сомаларды, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық
және ағымдағы төлемдерді Салық кодексінің арнайы бөлігіне сәйкес төлеуге мін-
детті.
Достарыңызбен бөлісу: