«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет140/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   196
Байланысты:
edu kk

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖК салық мiндеттемесiн Салық кодексiнде белгiленген 
тәртiппен және мерзiмде кезiнде, толық көлемде жүзеге асырады.
Салықтық міндеттемелерді уақтылы және толық орындамағаны үшін ЖК салық 
органдары тарапынан айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қандай салық түрлері мен міндетті төлемдер төленуі керек?
Салық кодексінде 
салықтың 13 түрі қарастырылған:
1. Корпоративтік табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құн салығы
4. Акциздер
5. Экспортқа салық салу
6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары
7. Әлеуметтік салық
8. Көлік салығы
9. Жер салығы
10. Мүлік салығы
11. Ойын бизнесіне салынатын салық
12. Тіркелген салық
13. Бірыңғай жер салығы


178
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 12 түрі қарастырылған:
1. жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны 
үшін төлем
2. жер учаскесін пайдаланғаны үшін
3. үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін
4. қоршаған ортаға эмиссия үшін
5. жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін
6. орманды пайдаланғаны үшін
7. ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
8. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
9. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ 
ұялы байланысты ұсынғаны үшін;
10. сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін
11. мемлекеттік баж
12. алымдар
ЖК салықтар мен төлемақылардың жекелеген түрлерін қалай төлейтініне 
НА-
ЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мысалы, егер ЖК-де салық салу объектісі, яғни жер учаскесі болмаса, онда ЖК 
төлем жүргізбейді және жер учаскесі бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.
Сондай-ақ мемлекеттік бажды алу объектілері заңдық мәні бар әрекеттер не-
месе мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың құжат беруі болып 
табылады. 
Мысалы, заңды негізделген іс – сотқа талап қою, құжаттарды беру – нотариал-
ды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) алу.
Салық режимінің қандай түрлері бар және олар салық міндеттемесінің орын-
далуына қалай әсер етеді?
Сәйкес салық режимін таңдау ЖК-ні тіркеу кезінде немесе бір салық режимінен 
екіншісіне ауысу үшін өтінім беру шарттарын орындау барысында жүзеге асыры-
лады.
Қазақстанда ЖК-ге арналған мынадай салық режимдері бар:
1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі:
2.1. Патент;
2.2. Оңайлатылған декларация;
2.3. Белгіленген шегерімді пайдаланушылар.
3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдері:
3.1. шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін;
3.2. ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы коопера-
тивтері үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет