4.
Бағдарлама мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері
4.
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушылардың қолданбалы зерттеу
жұмысын тиімді ұйымдастырудағы және білім алушылардың болашақ кәсіби
қызметінде қолданбалы зерттеу жұмыстарымен айналысуға дайындаудағы
кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру.
5.
Бағдарламаның міндеті:
1)
қолданбалы зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми таным
әдістері және логикасы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
2)
қолданбалы зерттеу барысында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс
істеу және іздеу, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу, зерттеу
нәтижелерін ресімдеу дағдыларын жетілдіру;
3)
тыңдаушылардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруде Іс әрекеттегі
зерттеу (Action research) және Сабақты зерттеу (Lesson study) әдістерін
кіріктіру жағдайларын зерделеу;
4)
тыңдаушылардың білім алушыларды оқыту процесінде зерттеу
жұмысына дайындауды ұйымдастыруға, білім алушылардың болашақ кәсіби
қызметінде зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
6.
Оқу нәтижелері:
Тыңдаушы:
1)
қолданбалы зерттеуді ұйымдастырудағы әдіснамалық негіздерінің,
ғылыми таным әдістерінің және логикасының ерекшелігін анықтайды;
2)
Іс әрекеттегі зерттеу (Action research) және Сабақты зерттеуді (Lesson
study)
ұйымдастыру әдістерін және принциптерін біледі, білім алушылармен
жұмысқа ендіруді үйренеді;
3)
қолданбалы зерттеуді ұйымдастыруда әртүрлі ақпарат көздерімен
жұмыс істеу және іздеу, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу,
зерттеу нәтижелерін ресімдеу дағдыларын жетілдіреді;
4)
білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінде қолданбалы зерттеу
жұмыстарымен айналысу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу
процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: