2. Глоссарий Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі қоғамның белгілі бір даму кезеңінде білімге, дидактиканы
ғылым ретінде дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық
мәніне, маңыздылығына қоятын талаптардың қысқаша
көрінісі, проблеманың ғылыми әдебиетте өңделгендігі
және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін
жүргізілетін зерттеудің уақыттылылығы (неге тап осы
проблеманы қазіргі уақытта зерделеу қажет?);
Апробация ғылыми ізденіс процесінде алынған, эксперимент арқылы
тексерілген нәтижелерді мақұлдау, бекіту
Аралас зерттеулер көптеген проблемаларды шешу үшін сапалы және сандық
әдістерді біріктіретін ерекше жанр мен стратегия.
Әдебиеттерге шолу пайдаланылған әдебиеттерді талдауды, негізгі идеяларды,
тенденцияларды тұжырымдауды, зерттеудің теориялық
негізін дәлелдеу үшін материалды пайдалануды қамтитын
зерттеудің маңызды және міндетті бөлігі.
Негізгі жиынтық нақты міндетті зерделеу кезінде қорытынды жасалатын
барлық объектілердің (бірліктердің) жиынтығы.
Дәйексөз алу дереккөзінен алынған мәтінді тікелей пайдалану.
Деректерді жинау ақпаратты жинау және қалыптасқан жүйеде арнайы
көрсеткіштерді өлшеу процесі; өзекті сұрақтарға жауап
беруге және нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді.
Енгізу педагогикалық
практикада
ғылыми
зерттеулердің
тұжырымдары мен ұсынымдарын енгізу, бекіту.
Жетекші идея (бастапқы тұжырымдама) теориялық жүйе негізінде жатқан айқындаушы ұғым
Зерттеудің математикалық әдістері сұрақ-жауап және эксперимент әдістерімен алынған
деректерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттелетін құбылыстар
арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау үшін
қолданылатын әдістер, рәсімдер мен амалдар жиынтығы.