Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез
келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса
алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз
толық немесе ішінара
басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.
1.
Жалпы ережелер
1.
«Қолданбалы зерттеулер жүргізу әдіснамасы» колледж және жоғары
оқу орындары оқытушыларының біліктілігін
арттыру курсының білім беру
бағдарламасы (бұдан әрі –
Бағдарлама, тыңдаушылар)
тыңдаушылардың
біліктілігін арттыру курсының білім беру процесін реттейді.
2.
Осы
бағдарлама колледж, жоғары
оқу орындары оқытушыларының
зерттеу жұмысын жетілдіруге бағытталған.
3.
Курста оқыту ұзақтығы осы
Бағдарлама тақырыптарында
көрсетілген оқу жоспарына сәйкес 80 академиялық сағатты құрайды.