Бағдарламасы баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


  Бағдарлама құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата13.12.2022
өлшемі279,92 Kb.
#56815
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
1 МППрИ ПС қаз нов

5. 
Бағдарлама құрылымы мен мазмұны 
 
7. 
Бағдарлама біліктілікті арттыру курсының мақсаттарына шолу 
жасауды, ғылыми әдебиетті талдауды қарастырады. Соңғы уақытта 
мұғалімнің ғылыми-зерттеу қызметі, сондай-ақ педагогикалық оқу орнының 
білім алушысын мектептегі зерттеу қызметіне даярлау процесі маңызды 
болып отыр. Осыған байланысты болашақ мұғалімдердің зерттеу қызметіне 
дайындығын қалыптастыру тәсілдерін іздеу проблемалары өзекті бола түсті. 
8. 
Мектеп деңгейінде жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру 
өзіндік белсенділігін білдіре алатын талантты зерттеуші-оқушының 
сұраныстарына жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар жобалық-зерттеу 
жұмысын іске асыруға қажетті әлеуетін ашуға қабілетті мұғалім жауапты. 


Осыған байланысты болашақ мұғалім өзін-өзі дамытуға және пәндік салада 
өз білімін толықтыруға деген ұмтылыс, белсенді педагогикалық ұстанымды 
ұстану, жоғары шығармашылыққа, көшбасышылық және коммуникативтік 
әлеуетке ие болу, қолданбалы зерттеу әдіснамасы саласына тән жоғары 
білмді меңгеру, яғни зерттеу әрекетіне дайын болу сияқты бірқатар белгілі 
бір қасиеттерге ие болуы керек.
9. 
Мұғалімнің зерттеу қызметіне дайындығы оны оқу орнында 
дайындау кезеңінде қалыптасады. Осы бағдарламада тыңдаушыларды білім 
алушыларды зерттеу жұмысына тарту үшін зерттеу әрекетін ұйымдастыру 
формаларына оқыту қарастырылған.
10. 
Тыңдаушылар педагогикалық зерттеу әдіснамасымен, әдістері 
және әдістемесімен, Іс-әрекетті зерттеу (Action research), Сабақты зерттеу 
(Lesson study) тәсілдемелерінің ерекшеліктерімен танысады. 
11. 
Тыңдаушылардың зейіні педагогикалық зерттеудің әдіснамалық 
негіздері туралы білімді кеңейтуге және тереңдетуге, зерттеу әдістерін 
қолдану дағдыларын дамытуға, деректерді жинауға және оларды 
педагогикалық эксперимент шеңберінде өңдеуге шоғырланады. Күн сайын 
тақырыптық оқыту аяқталғаннан кейін әр тыңдаушыға абстрактілі 
концептуализация үшін кері байланыс ұсынылады.Тыңдаушылардың оқу 
мақсаттарына жетуін мониторингілеу үшін рефлексия жүргізіледі және 
жаттығулар орындалады. 
12. 
Бағдарлама мазмұны тақырып бойынша шолу дәрістерін
таныстырылым және теориялық материалдарды, бекітуге арналған 
практикалық тапсырмаларды қамтитын тақырыптардан құралған. Оқытудың 
соңғы кезеңінде педагогикалық эксперимент жүргізу қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет